00:00
Астана -10oC
USD:
475.39
EUR:
513.37
RUB:
5.4
Поиск

«Бұрынғыдай емеспіз»: Бағлан Әбдірайымов өзінің қартайып кеткенін мойындады

25.02.2023 | 09:25
Елорда ақпарат
114

«Аға, қартайыпсыз, бұрынғыдай емессіз» дейтіндер баршылық. Жалмауыз емеспіз ғой. Әрине жас кездегі жалындаған бейне жанкүйерлердің санасында қалып қойған. Бетті тартпай, көзді ашпай, әжімді жинамай, безеудің үңгірін қаз-қалпында ұстап жүрміз. Не нәрсенің болсын «оригиналы» жақсы емес пе? Бәрі өз уағымен. Жасандылық жоқ. Өмір тамаша! Әр күнің Алланың берген сыйы ғой, - деп жазды ол.

Әншінің оқырмандары оған қолдау білдіріп, тіпті, кейбірі әртістің мүлдем қартаймағанын айтып жатыр.

«Жігіттердің ішіндегі ең сұлтаны өзіңсің-Бағлан!», «Иә орынды. Әр нәрсе өз орнымен», «Қанша адам болса, сонша ой, сонша пікір», «Сен өз қатарыңнан жас көрінесің», «Бастысы жүрегіңіз қартаймасын», - деп жазды желі қолданушылары.

Все новости