00:00
Астана -10oC
USD:
476.27
EUR:
515.47
RUB:
5.41
Поиск

«Иә» дейін бе, «жоқ» дейін бе?»: Қайрат Нұртас Жұлдызға ұсыныс жасады (ВИДЕО)

25.02.2023 | 09:14
Елорда ақпарат
91

Қайрат Нұртас отбасымен бірге шетелде демалып жүр.

Желіде тараған видеода көрсетілгендей, көрікті жерлердің бірінде қыдырып жүрген әнші табиғаттың сұлулығына тамсанып, Жұлдызға «20 жылдықты осында атап өту» туралы ұсыныс жасады. Алайда актриса: «Мен әлі тұрмыста емеспін ғой», - деп жауап берді. Сондай-ақ, ол Instagram оқырмандарынан: «Екінші рет «иә» дейін бе, «жоқ» дейін бе?» - деп кеңес сұрады.

Жұлдыздың бұл әрекетін жұрт сынға алып, түрлі пікірлер жазып жатты. Жеке өміріне қатысты жағдайды алдымен жариялап, кейіннен халықты кінәлап шығатын актрисаға оқырмандары «отбасылық сырларды сыртқа шығармауға» кеңес берді.

«Бұлардың интригалары бітпейді екен, кейін адамдарға «өсек айтасыңдар» деп ренжиді», «Ақылды әйел болса, үйіндегі проблеманы өзара шешпей ме?», «Отбасылық құпияны сыртқа шығарып несі бар?», «Осылай желіге жүктеуге бола ма?», «Отбасындағы әңгімелер төрт қабырғадан шықпауы керек», - деп жазып жатты оқырмандары.

 

Все новости