00:00
Астана -10oC
USD:
476.27
EUR:
515.47
RUB:
5.41
Поиск

«Денсаулығыма зақым келді»: Белгілі әнші жол апатына ұшырады

25.02.2023 | 08:49
Аяулым Алтынбек
123

Алла сақтаған. Кейде алдарына кішкентай балаларын отырғызып машина жүргізіп келе жатқан ата-аналарға таң қаламын не болмаса соткасына үңіліп қарап, бар жанын беріп, шұқып жататындарға...Бұл НЕ?! Жауапкершілік қайда!? Өзіңді ойламасаң да, айналаңдағы адамдарды ойлау керек емес пе?

Осындай біреудің алаңғасырлығынан мен жол апатына ұшырадым. Біздің көлікті соққан – жас бала. Мен бір мезгіл есімнен танып, болған жағдайды түсінбей қалдым. Ол телефонына қарап отырып, тежегішті басуды ұмытып, біздің көлікке келіп соққан кезде ғана бірақ тоқтапты. Денсаулығыма зақым келді, бірталай концерттерден қалдым (отбасымның жаман болғанын айтпағанда).

Енді жас бала деп оны кешіре салуым керек пе? Жоқ! Сабақ болсын деп жазалауым керек пе? Алла берген өмірді үзіп жіберуге ешкімнің хақысы жоқ!

Соны ұмытпау керек! Біз асыққанмен, Алла асықпайды! Әрине, бұған ешқандай заң шығара алмайсың. Ол заң әр адамның санасында болу керек! Бір-бірімізге жанашыр, мейірімді, жауапты болайық. Амандыққа не жетсін, Ағайын! Өмір сүру қандай тамаша! - деп жазды әнші.

Жазба соңына әншінің оқырмандары мен әріптестері тілектерін білдірді. «Аман-есен сауығып кетуіңе тілектеспін!», «Алла шипасын берсін», «Тезірек жазылып кетіңіз, Алла амандық берсін», «Аман-есен сауығып кетіңіздер» деп пікір жазды.

Все новости