00:00
Астана -10oC
USD:
475.39
EUR:
513.37
RUB:
5.4
Поиск

«Қайраткер атағын алу үшін өнерде кемінде 20 жыл жүру керек»: Алмат Сақатов Димаш туралы ойын айтты

25.02.2023 | 08:01
Елорда ақпарат
72

Алмат Сақатов Димашты бұған дейін сынға алған Мұрат Құсайыновқа жауап берді. «Дос-Мұқасан» әншісі Құдайбергенге аталмыш марапат тым ерте берілгенін айтқан болатын. Ал Сақатов Димашты ешкіммен салыстыруға келмейтін дарын иесі ретінде сипаттады. Бұл туралы актер nege.kz сайтына бірген сұхбатында айтты.

Қайраткер деген атақты алу үшін өнерде кем дегенде 20 жыл жүру керек. Ал бес жыл жүріп, «Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері» атағын алғандар көп. Бірақ Димаш Құдайбергеннің орны бөлек. Димаш – феномен. Онымен ешкімді салыстырмау керек. Ол халықаралық сахнаны бағындырған өнерпаз. Ол «дүние жүзінің әртісі» деген атақты алды. Оны атақты Айман Мұсақожаева, сосын Димаш Құдайберген ғана алды. Головкин де солай.

Бұл кісілердің дарыны шеңберге сыймайды. Өзін миллиардтарға дәлелдеп тастаған. Оларға бір жеңіспен ғана атақ беруге болады. Өйткені, Қазақстанның атын шетелге шығарып жатыр. Әнші Бақыт Шадаева «Димаштың дауысы қойылмаған. Тыңдармандарынан кешірім сұраймын» деді. Ол кәсіби маман ретінде айтты. Димаштың дауысы – табиғи дауыс. Оның дауысын қойып та керегі жоқ. Мен Қазақстаннан шыға алмай жатқан жастар туралы айтып отырмын, - деді ол.

Все новости