00:00
Астана -10oC
USD:
476.27
EUR:
515.47
RUB:
5.41
Поиск

«Айта берсін»: Ерке Есмахан Қайрат Нұртаспен арадағы шындықты айтты

25.02.2023 | 06:38
Елорда ақпарат
56

Ерке Есмахан Қайрат Нұртас екеуін шығармашылық пен достық байланыстыратынын алға тартты.

Қайрат екеуміз туралы әңгіме, өсек айтудан жалыққан шығарсыздар! Шығармашылыққа көшетін кез келді. 2019 жылы «Хабар» телеарнасында «Жұлдызды жекпе-жек» бағдарламасында жүргізуші болдық. Сол бағдарламада мен Қайраттың «Ауырмайды жүрек» әнін орындадым. Ал Қайрат менің «Аэропорт» әнімді шырқады", - деді әнші. 

Еркенің айтуынша, оның әні Қайратқа қатты ұнаған. Сондықтан 2019 жылы Аренада өткен үлкен концертте ол әнді қайта орындаған.

Әрине, ол мені концертке қонақ ретінде шақырды. Мен гүлмен бардым. Дәл осы концерттен кейін келесі карантин басталды. Қайраттың орындауындағы бұл ән тыңдарманның ыстық ықыласына бөленді. Бірнеше жылдан кейін әйгілі Мальдив аралдарына оның туған күніне келгенде тағы да орындадық. «Аэропорт» әнінің шығу тарихы қысқаша! Қайрош, ел аузына келгенін айта берсін! Шынайы достығымызға Алла куә! Жұлдыз екеуің бірге қартайып, бала-шағаңның барлық қызығын көрулеріңді тілеймін! Аман болыңдар. Әрқашан биікте болыңыз! – деп жазды Есмахан Instagram парақшасында. 

Все новости