00:00
Астана -10oC
USD:
476.27
EUR:
515.47
RUB:
5.41
Поиск

«Мақтаншақ, істейтін жұмысы жоқ»: Гүлзира Айдарбекова әйелдерге ақыл айтты (ВИДЕО)

25.02.2023 | 03:46
Елорда ақпарат
152

Маған арналған махаббат әнің менікі еді,
Сезім ақтарған жылы сөздерің менікі еді.
Періште көңіл адал жүрегім сіздікі еді,
Бірге тыңдайтын жүректің әні біздікі еді.
Бұл біздің ән көңілде сақталған,
Бұл біздің ән жүректе жатталған.
Бұл біздің ән естелік боп қалған,
Бұл біздің ән жылайтын түнгі аспан,
Бұл біздің ән жаралы мұң дастан.
Бұл біздің ән ешкімге тыңдатпа,
Бұл біздің ән…
Толық қанды отбасы болу, әрбір отбасы үшін ең қиын бұралаң жолдармен келетін толлассыз бақыт. Отқа түссе жанбайтын, суға салса батпайтын, өз жанұясының ұрпағының мәңгілік бақыты үшін тіптен өз бақытын құрбан санауға да баратын әйел аналар түбінде бүкіл әулетке қадірі артқан ана болатынына күмәндарыңыз болмасын. Келіндеріме де барша ана атаулыға тілейтінім: сабырмен, еңбекпен, ақылмен келетін ана бақыты. Жұптарыңыз ажырамай, ер азаматтарыңыздың қолынан мықтап ұстап, ешкімге бермей, ешкімге ұстатпай абыроймен бірге қартаюларыңызды жазсын Алла, – деп жазды ол. 

Гүлзираның оқырмандары екіге бөлініп кетті. Бірі продюсерді қолдаса, енді бірі сынап тастады. 

«Дұрыс айтасыз. Оңай емес үй болу. Оны атам қазақ өзі мойындаған», «Қандай күшті керемет көрініс, Алла бірге қартаюды жазсын», «Өзі бақытты бола алатын, өзгені бақытты ете алатын сұлу жансыз… Махабаттарыңыз баянды болып, ұзақ жасаңыздар», «Султан Сулейман мен Хюрем сияқты түсіп келе жатырсыздар», «Ұзатылып жатқан қыз шығар десем», «Мақтаншақ, қолы бекер, істейтін жұмысы жоқ» деп жазып жатыр желі қолданушылары. 

Все новости