00:00
Астана -10oC
USD:
476.27
EUR:
515.47
RUB:
5.41
Поиск

«Қайрат Нұртастың екінші әйелі бар»: Нумеролог бар шындықты жайып салды (ВИДЕО)

25.02.2023 | 01:48
Елорда ақпарат
187

Stan.kz-тің жазуынша, нумеролог 2018 жылы жариялаған постын көрсетіп, өз болжамдарының орындалғанын көпшілікке көрсетті.

Құрметті достар, өкінішке қарай, Қайрат Нұртасқа қатысты 2018 жылы берген болжамдарым орындалды. Осыдан 5 жыл бұрын Қайраттың Жұлдызбен ажырасатынын, мұны көпке дейін жасыруға тырысатынын және өмірінде басқа әйелі болатынын айттым. Видео дәлелдер мен скриншоттарды назарларыңызға ұсынамын, –  дейді нумеролог.

Оқи отырыңыз: ”Араларына жалмауыздар түсті”: Гүлзира Айдарбекова Қайрат Нұртастың ажырасқаны туралы айтты (ВИДЕО)

Болжамымды жариялаған кезде, Жұлдыз менің парақшама кіріп, стористерімді қараған. Ал былтыр Нұртас отбасына жақын адамдар менің кеңесіме жазылды. Бірақ ол туралы (авт. – Қайрат) талқыламадық. Демек, болжамдарымның орындалатынына олардың көзі жетті, бірақ айта алмады, - дейді нумеролог. 

2018 жылғы постында нумеролог шынында да өзі айтқан деректерді келтірген.

Тағы оқыңыз: ”Шыдай түс...”: Жұлдыз Әбдікәрімова өзінің жазбасымен көпшілікті ойландырып қойды (ВИДЕО)

Бұл жігіт әйелдер қауымының назарында болғанды ұнатады. Қыздар да оның артынан қалмайды. Себебі оның харизмасы, тартымдылығы жоғары. Өзі де кет әрі емес. 2019 жылы оның өмірінде жаңа махаббат пайда болуы мүмкін. 2019-2020 жылдары бесінші баласының дүниеге келуі бағдарламасында бар. Жалпы бұл әртіс көпбалалы болуы керек. Қазір төрт баласы болса, болашақта алты балаға дейін баруы мүмкін. 

Сондай-ақ оның бағдарламасында екінші неке бар. Бірақ ол үшін ата-анасының абыройы биік. Отбасы мен жақындарын ренжітпеу үшін, ол мұны құпияда ұстауы мүмкін, – деп жазған нумеролог 2018 жылдың сәуірінде жариялаған постында.

Все новости