00:00
Астана -10oC
USD:
476.27
EUR:
515.47
RUB:
5.41
Поиск

«Әжем кезінде қорқытып қоятын»: Мәдина Сәдуақасова өз әулетін көрсетті (ФОТО)

24.02.2023 | 21:40
Елорда ақпарат
133

Жұрттың ықыласына бөленген фотоға, әншінің сөзінше, әулетінің барлық мүшелері түспеген. Десе де, жұлдыздың отбасында адам көп екендігін көруге болады.

Сәдуақасовтар әулеті. Суретте барлығы емес, ер кісілердің көбісі далаға шығып кеткен, суретке түсе алмай қалды. Әкем зейнеттегі теміржолшы, анам, апаларым, келінім, ұстаздар, мұғалімдер. «Жақындарым» деп аталатын чатымыз бар. Күніміз сол чаттағы апаларымыздың батасынан басталады. «Жүректеріңде иман, жылылық, мейірімділік болсын» деген сөздермен аяқталады. Әжем кезінде көп айтатын: «Бір де бір адам баласының көңілін қалдырма, ауыр тиетін сөз айтпа, ренжітпе. Жолың жабылып қалады» деп қорқытып қоятын. Дәл қазіргі жағдайда, сырттан кірген жауымыз кім екенін білмей тұрғанымыз, кейбір отбасылар зар жылап, жақындарын жерлеп жатқанда, еліміздің тас- талқаны шығып жатқанда ең болмаса бір бірімізге жұбату, қолдау, жылы сөздер айтсақ. Ал, әрі қарай не болатынына тек сеніммен және үмітпен қарайық, - деді Мадина Сәдуақасова.

Үлкен әулеттің суретін көрген желі қолданушылары жылы лебіздерін білдіріп, пікір қалдыруда.

 

Все новости