00:00
Астана -10oC
USD:
476.27
EUR:
515.47
RUB:
5.41
Поиск

Тоқаев Мирзиёевке құттықтау жеделхатын жолдады

01.09.2023 | 03:30
119
Фото: akorda.kz

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Президент Шавкат Мирзиёевті және Өзбекстан халқын ұлттық мерекесі – Тәуелсіздік күнімен құттықтады, деп хабарлады Elorda.info.

Біздің халықтарымыздың түпкі мүдделерін, ғасырлар бойғы достық және тату көршілік дәстүрлерін негізге ала отырып, қазақ-өзбек стратегиялық серіктестігі мен одақтастығын одан әрі нығайтуға басымдық беремін. Біз ортақ күш-жігерді біріктіре отырып, бауырлас халықтарымыздың өркендеуі және Орталық Азияның тұрақтылығы мен игілігі үшін көпжақты ынтымақтастықтың орасан зор әлеуетін жүзеге асыра алатынымызға сенімдімін, – деп жазылған жеделхатта.

Все новости