00:00
Астана -10oC
USD:
476.27
EUR:
515.47
RUB:
5.41
Поиск

Солтүстік Қазақстанда бірнеше ауылдың атауы өзгертіледі

25.08.2023 | 04:00
146
Фото: ашық дереккөз

Бұл туралы Ашық НҚА порталында жарияланған әкімдік қаулысы мен өңірлік маслихаттың бірлескен шешім-жобасында көрсетілген, деп хабарлады Elorda.info 

Қоғам талқылауында ұсынылған жоба бойынша, алдағы уақытта Солтүстік Қазақстан облысының төмендегі елді мекендері қазақша атауға ие болуы мүмкін. 

Айыртау ауданының Қамсақты ауылдық округінің Карасевка ауылы - Қамсақты ауылы, Володар ауылдық округінің Воскресеновка ауылы - Баянтай ауылы деп қайта аталу ұсынылған. Сондай-ақ, Шал ақын ауданының, Кривощеков ауылдық округі - Арай ауылдық округі, Кривощеково ауылы - Арай ауылы деп қайта аталсын,-делінген облыстық  әкімдік пен  мәслихат шешімімен дайнджалған жоба қаулыда. 

Жоба 7-қыркүйекке дейін қоғам талқылауында болады. 

Все новости