00:00
Астана -10oC
USD:
476.27
EUR:
515.47
RUB:
5.41
Поиск

ШҚО әкімі Даниал Ахметовтің өкілеттік мерзімі аяқтала ма?

14.06.2023 | 16:30
108
Фото: ШҚО әкімдігінің баспасөз қызметі

Биыл 15 маусымда Шығыс Қазақстан облысының әкімі Даниал Ахметовтің өкілеттік мерзімі аяқталады, деп хабарлады Elorda.info.

Шығыс Қазақстан облыстық мәслихаты таратқан ақпаратқа сүйенсек, Шығыс Қазақстан облысының әкімі лауазымына тағайындауға келісім беру үшін Шығыс Қазақстан облысының аумағында орналасқан мәслихаттар депутаттарының жиналысы 2023 жылғы 16 маусымда сағат 10.30-да Өскемен қаласында Қазақстан көшесі, 55 (С. Аманжолов атындағы ШҚУ 5-корпусы) мекен жайы бойынша өтеді.

Депутаттарды тіркеу сағат 09.00-ден басталады.

Даниал Ахметов 2014 жылғы 11 қарашасынан бастап Шығыс Қазақстан облысының әкімі лауазымын атқарып келеді, оның өкілеттік мерзімі 15 маусымда аяқталады.

Все новости