00:00
Астана -10oC
USD:
476.27
EUR:
515.47
RUB:
5.41
Поиск

Президент Вьетнамда Goertek өндіріс кешенінің жұмысымен танысты

22.08.2023 | 07:00
130
Фото: Ақорда

Мемлекет басшысы жаһандық ауқымдағы технологиялық инновациялық кәсіпорынның бір бөлігі саналатын Goertek өндіріс кешенін аралап көрді, деп хабарлады Elorda.info  Ақордаға сілтеме жасап.

Қасым-Жомарт Тоқаев кешенді аралап, өнім шығару процесімен, сондай-ақ кәсіпорында қолданылатын технологиялармен танысты.

Компания акустика, оптика, микроэлектроника, прецизиондық конструктивті детальдар, интеллектуалды құрал-жабдықтар, виртуалды және толықтырылған шынайылық технологиялары қолданылатын құрылғылар, ақылды гарнитуралар, ақылды тұрмыстық техникалар және басқа да жоғары технологиялық құрылғылар мен өнімдер секілді электрондық және прецизиондық конструкторлық компоненттер әзірлеуге және өндіруге маманданған,- делінген Президенттің баспасөз қызметі таратқан ақпаратта. 

през 7.jpg

Қазіргі кезде Goertek компаниялар тобында 100 мыңнан астам адам еңбек етеді. Кәсіпорынның жылдық орташа табысы 2,8 миллиард долларға жетеді. 

Все новости