Президент Сауд Арабиясы Корольдігінің Энергетика министрін қабылдады
![](/img/watch-gray.png)
![](/img/articles/uploads/kz2_9617_2_medium_Thumb_5068eb74f5.jpg)
Кездесу барысында Қазақстан мен Сауд Арабиясы арасындағы энергетикалық және инвестициялық ынтымақтастықты дамыту перспективалары талқыланды.
Қасым-Жомарт Тоқаев қазақ-сауд қатынастарының бұрын-соңды болмаған деңгейге жеткенін атап өтіп, Сауд Арабиясының Тақ мұрагері, Премьер-министрі Мұхаммед бен Салман Әл Саудпен арадағы уағдаластықтар барлық секторда екіжақты ынтымақтастыққа тың серпін бергенін еске салды.
Сіздің сапарыңызды екі мемлекет арасындағы достық пен тығыз байланыстардың айқын көрінісі ретінде қарастырамыз. Мен сіздің ғажайып еліңізге жасаған сапардан естен кетпес әсер алдым. Сапар, шын мәнінде, табысты болды. Біз көптеген мәселе бойынша, әсіресе, энергетика секілді маңызды салада ынтымақтастық орнату туралы уағдаластықтарға қол жеткіздік. Екіжақты қарым-қатынастың болашағы жарқын болатынына сенімдімін. Өзара ынтымақтастығымыз стратегиялық сипатқа ие. Осы мүмкіндікті пайдалана отырып, Жоғары Мәртебелі Мұхаммед бен Салманға ізгі тілегімді жолдағым келеді, – деді Мемлекет басшысы.
Өз кезегінде Абдулазиз бен Салман Әл Сауд құрмет көрсеткені үшін Қасым-Жомарт Тоқаевқа алғыс айтты.
Біз Қазақстанмен арадағы тарихи тамыры терең қарым-қатынасты жоғары бағалаймыз. Қазақстан тәуелсіздігін алған кезде Сауд Арабиясы көмек қолын созған алғашқы елдердің бірі болды, – деді министр.
Бұдан бөлек, кездесуге қатысқан Саудияның ACWA Power компаниясы директорлар кеңесінің төрағасы Мұхаммед Абунайян Жетісу облысында қуаты 1 ГВт болатын жел электр станциясын салу жөніндегі бірлескен инвестициялық жобаның перспективалары, сондай-ақ Қазақстанмен «жасыл» энергетика саласындағы өзара ықпалдастық жоспары жайында айтты.
Кездесу соңында Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Сауд Арабиясы Корольдігінің Үкіметі арасында жел электр станциясын салу жөніндегі бірлескен жобаны іске асыру туралы келісімге қол қойылды.
![](/img/articles/58fff5f8792cd0a517f260ea29c93db5.jpg)
![](/img/articles/99537d9e5bd1cc684758667011625625.jpg)
![](/img/articles/ca7c8ab717d270aa06d5032cfaea19c8.jpg)
![](/img/articles/40df99bf07243b30ef75170574190731.jpeg)
![Қасым-Жомарт Тоқаев Иранның жаңадан сайланған Президентін құттықтады](/img/articles/58fff5f8792cd0a517f260ea29c93db5.jpg)
![Түркі мемлекеттері ұйымын одан әрі нығайту қажет – Тоқаев](/img/articles/99537d9e5bd1cc684758667011625625.jpg)
![Мемлекет басшысы жұмыс сапарымен Әзербайжанға барды](/img/articles/ca7c8ab717d270aa06d5032cfaea19c8.jpg)
![Президент: ШЫҰ қызметінің бірі – мәдени-гуманитарлық ынтымақтастықты кеңейту](/img/articles/40df99bf07243b30ef75170574190731.jpeg)
![Тоқаев БҰҰ Бас Ассамблеясының резолюциясын қабылдауды ұсынды](/img/articles/9418224e703053b4564ae8494cdf5f83.jpeg)
![Президенттің ШЫҰ-ға мүше мемлекеттер басшылары кеңесінің отырысында сөйлеген сөзі (Толық мәтін)](/img/articles/7c50a1874ec4ebfb371ef3550782b454.jpeg)
![Ұйымның Шарттық базасы 60 жаңа құжатпен толықтырылды – Тоқаев](/img/articles/fb4f617e7542c1b7e1eabfb2c496cd2e.jpeg)
![Рас әл-Хайма әмірі Қазақстанға ШЫҰ саммитіне қатысу үшін келді](/img/articles/6638f1d087e6fc523720238c69dc3c78.webp)
![Қазақстан мен Индонезия арасындағы мәдени ынтымақтастық перспективалары талқыланды](/img/articles/db5ac42bf89c7cd6b8c8d2abccca1f17.jpeg)
![Мемлекет басшысы Ресей Президентімен кездесті](/img/articles/ad3f801483021492791763954d579996.jpg)
![Қазақстан Тәуелсіздігіне алғашқы қадам](/img/articles/uploads/618e4f449f207395942992_251ba64e83.jpg)
![Ертісбаев Қазақстан халық партиясының құрамына кірді](/img/articles/uploads/62355d6f2fb05524869441_75a8d1743b.jpg)
![Тоқаев мемлекеттік наградалар туралы заңға қол қойды](/img/articles/3096b2c06e11367cbe952c46227b36ba.webp)
![Тоқаев Қытай компаниясына аймақтық R&D орталығын ашуды ұсынды](/img/articles/97d327dc1bab454b86e352d662e2f093.jpeg)
![Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі тағайындалды](/img/articles/4f9c508d3134bffa9c829d17734f4227.jpg)
![Президент бәсекеге қабілетті болудың жолын көрсетті – депутат](/img/articles/290b71128ae6059b2a4e9bb3ee4b1351.jpg)
![Президент ACWA Power компаниясы директорлар кеңесінің төрағасы Мұхаммед Абунайянды қабылдады](/img/articles/uploads/9_1dbc62624e.jpg)
![Қасым-Жомарт Тоқаев Италия Президентімен келіссөз жүргізді](/img/articles/uploads/photo_5280924730569905291_y_e86567d523.jpg)
![Президент Алматы қаласының әкімі Ерболат Досаевты қабылдады](/img/articles/f8ec0c0dd3ffacdebadbbf6ea75bd37c.jpeg)
![Қасым-Жомарт Тоқаев словен халқын Ұлттық күнімен құттықтады](/img/articles/d129bb9022b0fc439f114e21ade25d54.jpg)