00:00
Астана -10oC
USD:
476.27
EUR:
515.47
RUB:
5.41
Поиск

Президент Әлеуметтік кодекске қол қойғанын айтты

27.04.2023 | 12:06
103
Фото: дереккөз

Қазақстан этносаралық татулық пен келісімді сақтау үшін әрдайым орнықты және салиқалы саясат жүргізеді. Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқы Ассамблеясының «Әділетті Қазақстан: бірлік, тұрақтылық, даму» атты ХХХІІ сессиясының отырысында осылай деді, деп хабарлады Elorda.info Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Біздің этносаясатымыз біртұтас болып, дәйекті түрде жүргізілуге тиіс. Сондай-ақ ғылыми тұжырымдарға негізделуі қажет. Осы саладағы тапсырмаларды орындау барысында менің сайлау алдындағы тұғырнамам және басқа да стратегиялық құжаттар басшылыққа алынуы керек. Мысалы, қазір әлеуметтік салада жүйелі өзгерістер жасалып жатыр.

Мен жақында Әлеуметтік кодекске қол қойдым. Мұндай маңызды құжат ТМД мемлекеттері ішінде алғаш рет қолданысқа енгізіліп отыр. Бұл кодекс еліміздің жаңа әлеуметтік саясатын айқындайды, мемлекет пен азаматтар арасындағы қарым-қатынастың мүлде жаңа үлгісін қалыптастырады.

Сондай-ақ жаңа әлеуметтік келісімнің негізін қалайды. Бір сөзбен айтқанда, жаңа кодекс бүгінгі күннің талаптарымен мейлінше үндеседі. Сол сияқты этносаясат та мемлекеттің басымдықтарына толық сай келуі керек, - деді Президент.

Мемлекет басшысының айтуынша, жаһандық деңгейде жаңа сын-қатерлер пайда болды. 

Қазақстан этносаралық татулық пен келісімді сақтау үшін әрдайым орнықты және салиқалы саясат жүргізеді. Бұл – мемлекетіміз үшін мызғымас ұстаным.

Қазір дүние жүзі күрделі кезеңді бастан өткеруде. Әлемде түбегейлі өзгерістер болып жатыр. Жаһандық деңгейде жаңа сын-қатерлер пайда болды. Біз заманның осындай қиындығына қарамастан, келешекке нық сеніммен қадам басып отырмыз, - деді Тоқаев. 

Все новости