00:00
Астана -10oC
USD:
475.39
EUR:
513.37
RUB:
5.4
Поиск

Президент бағдарламалардың қысқа мерзімде орындалуын талап етіп отыр

11.10.2023 | 07:30
128
Фото: parlam.kz

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың қолға алған реформаларының бірі жергілікті бюджетті басқару құқығын аудан әкімдеріне беру. Сонымен қатар қабылданған түрлі Мемлекеттік бағдарламалардың қысқа мерзімде жүзеге асуын талап етуі.  Осы тақырып төңірегінде ҚР Парламент Мәжілісінің депутаты Жанарбек Әшімжан өз ойымен бөлісті. 

Мәжілісмен өздері сайлаушылармен кездесулеріндегі айтылған сұрақтар Президент реформалары мен бастамаларында толық қамтылғанын айтады.   

Жалпы бірінші кезекте мынаны айтар едім. Жақында өңірлердегі сайлаушылармен кездесу кезінде мектептердегі орын жетіспеушілігі, соның нәтижесінде үш ауысымды оқу жүйесінің қалыптасуына қатысты көптеген сұрақтар болды. 

Осындай қордаланған мәселелерді шешу мақсатында Мемлекет басшысының тікелей тапсырмасымен «Жайлы мектеп»  ауқымды жобасы басталды. Осы жобаның негізінде шалғай ауылдар мен қалаларда 400-ге жуық білім ошағы бой көтереді. Одан бөлек 300 аурухана салынады. Бұл жобаның қаржылық операторы «Самұрық Қазына» әл-ауқат қоры. Яғни қаржыны солар бөледі. Дегенмен, сол бөлінген қаржының жергілікті жерде шашауын шығармай мақсатты жұмсалуын мәслихат, әкімдік құқық қорғау орындары бірлесе қадағалау керек деп ойлаймын. Сол кезде кейінгі уақытта көп айтылып жүрген құрылыс саласындағы жемқорлықтың алдын-аламыз. Бұл да Президенттің «Әділетті Қазақстан» ұстанымына сай әрекет болады,- дейді депутат.  

Ол сонымен қатар Мемлекет басшысының шалғайдағы ауыл-аймақтарды дамытуға ерекше назар аударып отырғанына тоқталды. 

 Екіншіден жоғарыда айтқанымдай ауыл аймақтарды аралау кезінде жиі кездескен сұрақтың бірі қалалардың іргесіндегі саяжайларға орналасқан халықтың дұрыс қоныстану мәселесі. Бір ғана мысал ретінде Алматы қаласы іргесіндегі Талғар, Қарасай, Іле аудандарының аумағында орналасқан саяжайлардағы халықтың жағдайын айтуға болады. Мәселен, аталған Іле ауданындағы саяжайларда 60 мыңға жуық халық тұрады. Олардың әлеуметтік-коммуникациялық сұрақтарын шешу кезек күттірмес мәселенің қатарында тұр. Қазіргі таңда Үкімет тарапынан біршама жұмыстар атқарылып  жатыр. 

Осы орайда Мемлекет басшысы биылғы Жолдауында AMANAT партиясының «Ауыл аманаты» жобасының негізінде шалғайдағы ауыл-аймақты дамыту мәселесін баса айтты, - деді Жанарбек Садыханұлы.  

 Депутат ойын жалғай келе қоғамдағы жасаөспірімдерге қатысты зорлық-зомбылықтың көбейіп кеткендігі де Президенттің назарын аудартқанын айтып өтті.  

Президенттің осы жылғы Жолдауында айтылып қатаң сынға ұшыраған мәселе жасаөспірімдерге қатысты зорлық-зомбылықтың көбейіп кеткендігі. Мемлекет басшысы қылмыстың осы түрімен жан-жақты күресуді күшейтуді тапсырды. Осы тақырыпқа қатысты Мәжіліс отырысында AMANAT партиясы фракциясының жетекшісі Елнұр Бейсенбаев үкіметке депутаттық сауал жолдады. Ол жерде Президент тапсырмасына сәйкес аталған қылмыс түріне қарастырылған қолданыстағы жазаларды барынша қатаңдату үшін заң жобасын әзірлеу сұралды,- дейді ол.  

 Оның пайымынша Мемлекет басшысының тапсыруымен аудан әкімдеріне жергілікті бюджетті басқару құзіретін ендіру де саяси реформалардың негізгі тетіктері деп айтуға болады. 

Сонымен қатар Президент реформасының негізгі бағыттарының бірі жергілікті бюджеттерді аудан әкімдерінің өздері басқаруына беру мәселесі. Бұл туралы Қасым-Жомарт Тоқаев соңғы Жолдауында нақты тапсырма берді. 

Меніңше бұл өте қажет барынша қолдауға тұрарлық бастама. Себебі, өзіміз өңірлерге барғанда көріп жүрміз, дардай аудан әкімі деген лауазымы бар. Алайда, қолдарында аудандағы кейбр әлеуметтік мәселелерді шешетін құзіреті жоқ. Өйткені ол азаматтарға қолдарында бар бюджетті басқару, жұмыс істету мүмкіндіктері берілмеген. Сондықтан Президенттің үшінші төртінші деңгейдегі бюджеттерді реттеу бағытындағы тапсырмасы қолға алынған саяси реформалардағы басым бағыттардың бірі,- деп атап өтті мәжілісмен. 

Президент реформаларына қатысты депутат айтқан тағы бір мәселе, елде қабылданатын түрлі Мемлекеттік бағдарламалардың мерзімі мен орындалу тетігі. Оның пікірінше кез-келген қолға алынған бағдарламынң толық жүзеге асуы үшін 3 жыл жеткілікті мерзім. 

Мемлекет басшысы қолға алған реформаларды жүзеге асыру үшін қабылданған барлық бағдарламалар 2026 жылға дейін яғни алдағы үш жылда жүзеге асу керектігін нақты айтты. 

Осы орайда айта кетейін, біз бұрындары осындай бағдарламаларды ұзақ мерзімге қабылдайтынбыз. Соның салдарынан кейбірінің айтарлықтай нәтиже бере алмағанын да көрдік. Осы тұрғыдан қарағанда Президенттің аталған бағдарламардың осындай қысқа мерзімде жүзеге асуын талап етуі өте орынды деп санаймын. Себебі, Мемлекет басшысы елдегі қолға алынып жатқан барлық саяси, экономикалық  өзгерістердің нәтижесін халық жақын арада көруі керек дегенді жиі айтады.  Меніңше үш жыл мерзім кез-келген бағдарламаның жеміс беруі үшін жеткілікті уақыт, - деп сөзін түйіндеді Ж. Әшімжан. 

Все новости