Мәжіліс төрағасы Иран Президентімен қоштасу рәсіміне қатысты
![](/img/watch-gray.png)
![Мәжіліс төрағасы Иран Президентімен қоштасу рәсіміне қатысты](/img/articles/025306d83e542c3b05bf18efb89a4d09.jpg)
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасымен Мәжіліс төрағасы Иран Ислам Республикасына жұмыс сапармен барды. Тегеранда Ерлан Қошанов Президент Ибрахим Раисидың қайтыс болуына байланысты көңіл айту және құрмет көрсетуге арналған іс-шараға қатысты, деп хабарлады Elorda.info.
Бүгін Иран халқы тікұшақ апатынан қайтыс болған Президент Ибрахим Раисимен қоштасты. Президенттер сарайында өткен көңіл айту және құрмет көрсетуге арналған іс-шараға Қазақстан делегациясын Мәжіліс төрағасы Ерлан Қошанов бастап барды.
Палата спикері Иран Ислам Республикасы вице-президенті Мохсен Мансуримен және мемлекеттің жоғары саяси басшылығымен кездесіп, Қазақстан Президентінің атынан бүкіл Иран халқына, сондай-ақ қаза тапқан адамдардың отбасыларына көңіл айтты.
Біздің Президентіміз бұл суыт хабарды терең күйзеліспен қабыл алды. Иранның Жоғары лидері Әли Хаменеи мен Иран халқына қөңіл айту хаттарын жолдады. Сонымен қатар, кеше Иранның Астанадағы елшілігіне барып, көңіл айту кітабына жазба қалдырды. Ибрахим Раиси Қазақстан мен Иран арасындағы өзара сенімге негізделген достық байланыстардың дамуына зор үлес қосқан тұлға ретінде біздің жадымызда сақталады, – деді Ерлан Қошанов.
Мәжіліс спикері Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың достас Иранмен сенімді серіктестік пен тығыз әріптестікті нығайтуға ерекше мән беретінін атап өтті.
Осындай қиын кезеңде Астанадағы елшілігімізге барып, біздің халқымызға қолдау көрсеткені және Иранның Жоғары лидері Әли Хаменеи мен халқымызға қөңіл айту хаттарын жолдағаны үшін Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевқа алғысымыз шексіз. Мұны ешқашан ұмытпаймыз. Алдағы уақытта қарым-қатынасымызды да дамыта беруге мүдделіміз, – деді Мохсен Мансури.
![](/img/articles/40df99bf07243b30ef75170574190731.jpeg)
![](/img/articles/9418224e703053b4564ae8494cdf5f83.jpeg)
![](/img/articles/7c50a1874ec4ebfb371ef3550782b454.jpeg)
![](/img/articles/fb4f617e7542c1b7e1eabfb2c496cd2e.jpeg)
![Президент: ШЫҰ қызметінің бірі – мәдени-гуманитарлық ынтымақтастықты кеңейту](/img/articles/40df99bf07243b30ef75170574190731.jpeg)
![Тоқаев БҰҰ Бас Ассамблеясының резолюциясын қабылдауды ұсынды](/img/articles/9418224e703053b4564ae8494cdf5f83.jpeg)
![Президенттің ШЫҰ-ға мүше мемлекеттер басшылары кеңесінің отырысында сөйлеген сөзі (Толық мәтін)](/img/articles/7c50a1874ec4ebfb371ef3550782b454.jpeg)
![Ұйымның Шарттық базасы 60 жаңа құжатпен толықтырылды – Тоқаев](/img/articles/fb4f617e7542c1b7e1eabfb2c496cd2e.jpeg)
![Рас әл-Хайма әмірі Қазақстанға ШЫҰ саммитіне қатысу үшін келді](/img/articles/6638f1d087e6fc523720238c69dc3c78.webp)
![Қазақстан мен Индонезия арасындағы мәдени ынтымақтастық перспективалары талқыланды](/img/articles/db5ac42bf89c7cd6b8c8d2abccca1f17.jpeg)
![Мемлекет басшысы Ресей Президентімен кездесті](/img/articles/ad3f801483021492791763954d579996.jpg)
![Президент: Қатар – Қазақстанның ең жақын серіктестерінің бірі](/img/articles/b0500d8f0412d9a07f7f20bfdf89345a.jpg)
![Қасым-Жомарт Тоқаев БҰҰ Бас хатшысына алғыс айтты](/img/articles/2abceebbfceaa324314d785973f9d66f.jpg)
![Мемлекет басшысы Ильхам Әлиевпен кездесу өткізді](/img/articles/96e70adeda4f6b0ac2f23f64578b58c9.jpeg)
![Қазақстан Тәуелсіздігіне алғашқы қадам](/img/articles/uploads/618e4f449f207395942992_251ba64e83.jpg)
![Ертісбаев Қазақстан халық партиясының құрамына кірді](/img/articles/uploads/62355d6f2fb05524869441_75a8d1743b.jpg)
![Тоқаев мемлекеттік наградалар туралы заңға қол қойды](/img/articles/3096b2c06e11367cbe952c46227b36ba.webp)
![Тоқаев Қытай компаниясына аймақтық R&D орталығын ашуды ұсынды](/img/articles/97d327dc1bab454b86e352d662e2f093.jpeg)
![Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі тағайындалды](/img/articles/4f9c508d3134bffa9c829d17734f4227.jpg)
![Президент бәсекеге қабілетті болудың жолын көрсетті – депутат](/img/articles/290b71128ae6059b2a4e9bb3ee4b1351.jpg)
![Қасым-Жомарт Тоқаев Италия Президентімен келіссөз жүргізді](/img/articles/uploads/photo_5280924730569905291_y_e86567d523.jpg)
![Президент Алматы қаласының әкімі Ерболат Досаевты қабылдады](/img/articles/f8ec0c0dd3ffacdebadbbf6ea75bd37c.jpeg)
![Қасым-Жомарт Тоқаев словен халқын Ұлттық күнімен құттықтады](/img/articles/d129bb9022b0fc439f114e21ade25d54.jpg)
![Президент әкімшілігінің бөлім меңгерушісі тағайындалды](/img/articles/uploads/arik_0068434d15.jpg)