00:00
Астана -10oC
USD:
475.39
EUR:
513.37
RUB:
5.4
Поиск

Масс-медиадағы Мемлекеттік тілдің үлесі артады

21.07.2023 | 15:00
119

Жаңа «Масс-медиа» туралы заң жобасында қазақ тілінің үлесі бұрынғыдан 20 пайызға өседі, деп хабарлады Elorda.info 

Бұл туралы ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дархан Қыдырәлі мәлімдеді. 

Бұған дейін баспасөз тілі 50/50 қағидатымен жұмыс істегенін білесіздер. Біз оны өзгертіп, қазір 70/30 болсын деп жатырмыз. «Масс-медиа» туралы жаңа заң қабылданса, бүкіл ақпарат, жалпы еліміздің бүкіл масс-медиасының тілі 70 пайызы қазақша болады», - деді министр халықаралық «Қазақ тілі» қоғамының кезектен тыс құрылтайында.

Ведомство басшысы Тіл туралы доктрина әзірленіп жатқанын да айтып өтті. Оның айтуынша масс-медиадағы Мемлкеттік тілдің үлесін көтеру мәселесіі осы доктринада да көзделген. 

Сонымен қатар, қазақ тілі туралы доктрина әзірленіп жатыр. Сол доктринаға да енгіздік. Осында вице-министр отыр. Тіл туралы доктринаның ішіне ақпарат саласында қазақ тіліне басымдық беру туралы ұсыныстар енгіздік,- деді Дархан Қыдырәлі.

Все новости