00:00
Астана -10oC
USD:
475.39
EUR:
513.37
RUB:
5.4
Поиск

Әлихан Смайылов ресми сапармен Әзербайжанға барды

22.06.2023 | 08:30
120
фото: gov.kz

Премьер-Министр Әлихан Смайылов Әзербайжан Республикасына ресми сапармен барды, деп хабарлады Elorda.info Үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Қазақстан Үкіметі басшысын Баку әуежайында Әзербайжан Премьер-Министрінің орынбасары Әли Ахмедов пен Әзербайжан Республикасындағы Қазақстанның Төтенше және Өкілетті елшісі Әлім Байел күтіп алды. 

Сапар барысында Қазақстан Үкіметінің басшысы Әлихан Смайылов Әзербайжан Президенті Ильхам Әлиевпен кездеседі, сондай-ақ Әзербайжан Премьер-Министрі Әли Асадовпен мемлекетаралық ынтымақтастықтың өзекті мәселелерін талқылайды. 

Атап айтқанда, көлік-логистика, сауда-саттық, энергетика, аграрлық сектор, IT және өнеркәсіптік кооперация салаларындағы бірлескен қадамдар қарастырылады.

Все новости