00:00
Астана -10oC
USD:
476.27
EUR:
515.47
RUB:
5.41
Поиск

Үкімет Риддердегі жылу орталығына қомақты қаржы жұмсайды

27.07.2023 | 03:10
103
фото: Инфоорталық ШҚО

Үкімет Шығыс Қазақстан облысы Риддер қаласының тіршілікке қажетті жүйелерін жөндеуге қатысты тиісті қаулы қабылдады, деп хабарлады Elorda.info Primeminister.kz-ке сілтеме жасап.

Атап айтқанда, құжатқа сәйкес, 2023 жылға арналған республикалық бюджетте көзделген ҚР Үкіметінің резервінен кезек күттірмейтін шығындарға Шығыс Қазақстан облысының Риддер қаласына жалпы сомасы 8 млрд 400 млн теңгеге жуық қаражат бөлінді.

Қаражаттың басым бөлігі қазандықтар мен жылу желілерін күрделі жөндеуге жұмсалады. Сонымен қатар отын беру галереясы мен аспирация жүйесі күрделі жөндеуден өтеді.

Айта кетейік, 2023 жылдың 23 наурызында Риддер ЖЭО-дағы №6 қазандық жанындағы отын беру галереясында көмір тозаңынан жарылыс болған еді. Жарылыс толқыны шамамен 80 шаршы метрді құрайтын қоршау құрылымдарын бұзып, салдарынан облыс көлемінде төтенше жағдай режимі жарияланды.

Все новости