00:00
Астана -10oC
USD:
476.27
EUR:
515.47
RUB:
5.41
Поиск

Италия Премьер-министрі Қасым-Жомарт Тоқаевқа алғыс айтты

24.05.2023 | 08:35
102

Италия Премьер-министрі Джорджа Мелони Президент Қасым-Жомарт Тоқаевқа Рим халқына қолдауы үшін алғыс айтты, деп хабарлады Elorda.info.

Италия Премьер-министрі бұл туралы Twitter желісінде жазды.

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевпен телефон арқылы сөйлестім. Астана мен Рим арасындағы тығыз ынтымақтастық пен оның әрі қарайғы дамуына ортақ қызығушылық танытқан жылы әңгімелесу болды. Президент Қасым-Жомарт Тоқаевқа Италиядағы су тасқынынан қаза тапқандарға байланысты біздің Үкіметке көңіл білдіргені үшін алғыс білдіремін, - деп жазды.

e6e9fc4e-30cc-49d9-a889-5dafe4b956a2.jpg

Кеше Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Италия Премьер-министрімен телефон арқылы сөйлескен еді.

Әңгімелесу барысында екі ел басшылары саяси, сауда-экономикалық, инвестициялық және гуманитарлық салалардағы ынтымақтастықты дамыту перспективаларын талқылады.

Все новости