00:00
Астана -10oC
USD:
476.27
EUR:
515.47
RUB:
5.41
Поиск

Діни теріс ағымдарға заңмен қатаң тыйым салатын кез жетті - Қазыбек Иса

04.10.2023 | 10:00
154
Фото: ашық дереккөз

Мәжіліс депутаты Қазыбек Иса діни теріс ағымдарға байланысты Премьер-министр мен Ұлттық Қауіпсіздік комитеті төрағасына депутаттық сауал жолдады, деп хабарлады Elorda.info.

Ол ән әлемінде, айтыста, спортта да тайраңдап жүрген жат ағымның өкілдері дінді жамылып алып, әріптестері мен әнсүйер, жанкүйерлеріне өз «салттарын» кіргізіп жатқанын айтты.

Сондай-ақ теріс діндегілер ұлттық мүддеміз бен дәстүрімізге, ел бірлігіне балта шауып, мемлекетке қатер төндіріп жатқанын ашына жеткізді. 

Ел үшін ең қымбат Ұлтқа, адам үшін ең аяулы - Әке-Шешеге, Қазаққа  ең адал Домбыраға қарсы харам пиғылдылардың еркін тарап  жатқан ел түбіне жетер вирусын шұғыл заңмен тоқтататын кез жетті!- деді ол депутаттық сауалында. 

Все новости