00:00
Астана -10oC
USD:
476.27
EUR:
515.47
RUB:
5.41
Поиск

Бүгін 50 жыл ел ағасы болған Қонаевтың туған күні

12.01.2024 | 04:00
264
Фото: ашық дереккөз

Бүгін қазақ халқының біртума тұлғасы Дінмұхамед Ахметұлы Қонаевтың туған күні, деп хабарлады, Elorda.info

Дінмұхамед Ахмедұлы Қонаев - мемлекет және қоғам қайраткері. Ол 1912 жылы 12 қаңтарда Алматы қаласында туған. Мәскеу түсті металдар және алтын институтын тау-кен инженері мамандығы бойынша (1936) бітірген.

Институтты бітіргеннен кейін «Прибалхашстрой» комбинатына қызметке жіберілген. Екінші дүниежүзілік соғыстың бастапқы кезеңінде - «Алтайполиметалл» комбинаты бас инженерінің орынбасары және техникалық бөлімінің бастығы, Лениногор тау-кен басқармасы Риддер кенішінің директоры; Қазақ КСР Халық Комиссарлары Кеңесі төрағасының орынбасары (1942-1952); Қазақ КСР Ғылым академиясының президенті (1952-1955); Қазақ КСР Министрлер Кеңесінің төрағасы (1955-1960); Қазақстан Компартиясы Орталық Комитетінің бірінші хатшысы (1960-1962); Қазақ КСР Министрлер Кеңесінің төрағасы (1962-1964); Қазақстан Компартиясы Орталық Комитетінің бірінші хатшысы (1964-1986) қызметтерін атқарды. Үш рет Социалистік Еңбек Ері (1972, 1976, 1982) атанған тұлға.

куна 1.jpg

Өткен жылы Мемлекет басшысының жарлығымен Алматы облысы қайта құрылған тұста оның жаңа орталығы бұрынғы Қапшағай қаласына Қонаевтың есімі беріліді. Елімізде біраздан бері Дінмұхамед Ахметұлына бір қаланың атын беру туралы әңгіме қоғам белсенділері мен зиялы қауым өкілдері тарапынан жиі көтеріліп жүрген болатын. Президенттің былтырғы шешімі халықтың көптен бері айтып жүрген осы пікіріне әділетті жауап болды.   

Биыл менің шешіміммен елімізде бірнеше облыс қайта құрылғанын білесіздер. Жетісу жерінде дербес екі аймақ пайда болды. Алматы облысының әкімшілік орталығы Қапшағайдың жағасына көшірілді. Жұрттың өтінішіне сай қалаға Дінмұхамед Қонаевтың есімі берілді. Мұны, шын мәнінде, тарихи әділдіктің орнауы және халықтың ортақ қалауы деуге болады, – деген болатын Қасым-Жомарт Тоқаев.

1986 жылы 11 желтоқсанда Дінмұхамед Қонаевтың қатысуынсыз КОКП ОК Саяси бюросының отырысы өтіп, оның отставкаға кетуі туралы сырттай шешім қабылданды. Дінмұхамед Ахметұлы өмірінің соңғы сәттеріне дейін туған қаласы Алматыда тұрған. 1993 жылы 22 тамызда қайтыс болып, Кеңсай зиратына жерленді. 

 Ол көзі тірісінде «Өтті дәурен осылай» атты ғұмырнамалық монографиясын жазды. Сонымен қатар, публицист жазушы Серік Әбдірайымұлының Қонаевтың өмір жолына арналған «Елу жыл ел ағасы» кітабы жарық көрді.

Все новости