00:00
Астана -10oC
USD:
476.27
EUR:
515.47
RUB:
5.41
Поиск

Қазақстан Ауғанстанға гуманитарлық жүк жіберді

11.10.2023 | 05:30
111
Фото: дереккөз

Бұл туралы Төтенше жағдайлар министрлігі мәлімдеді, деп хабарлады Elorda.info.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасына сәйкес Ауғанстанға жойқын жер сілкінісінің салдарын жою бойынша қолдау көрсету үшін мемлекеттік материалдық резервтен азық-түлік, шатырлар, киім-кешек және төсек-орын жабдықтары бөлінді.

Жөнелтілетін гуманитарлық жүктің тізбесінде барлығы 1 659 тонна көлемінде 13 түрлі тауар бар.

Бұдан басқа, «СК Фармация» ЖШС Ауғанстанға жөнелту үшін дәрі-дәрмектер бөлді.

Дәрі-дәрмектер мен шатырлар Ұлттық ұланның ұшағымен жіберілді.  

Қалған гуманитарлық көмекті жеткізу теміржол көлігімен жүзеге асырылады.

Айта кетейік, кеше Герат провинциясына іздеу-құтқару жұмыстарын жүргізу үшін ТЖМ-нің 45 қызметкері жіберілді.

Все новости