00:00
Астана -10oC
USD:
476.27
EUR:
515.47
RUB:
5.41
Поиск

Қасым-Жомарт Тоқаев Пәкістан Президентіне көңіл айтты

31.07.2023 | 10:40
100
Фото: akorda.kz

Мемлекет басшысы Пәкістан Президенті Ариф Алвиге көңіл айту жеделхатын жолдады, деп хабарлады Elorda.info Ақорданың ресми сайтына сілтеме жасап.

Қасым-Жомарт Тоқаев Пәкістан Президенті Ариф Алвиге елдің солтүстік-батысында болған лаңкестік шабуыл салдарынан көптеген азаматтың қаза табуына байланысты көңіл айту жеделхатын жолдады. 

Мемлекет басшысы Қазақстан халқының және жеке өз атынан жақындарынан айырылған отбасыларға қайғыра көңіл айтты, сондай-ақ зардап шеккендердің тезірек сауығып кетуіне тілектестік білдірді.

Все новости