Қазақстанда ШЫҰ-ға мүше мемлекеттердің қауіпсіздік кеңесінің кездесуі өтеді
![](/img/articles/uploads/64243bb672c45473953759_928aa218d1.jpg)
Нью-Делиде Шанхай Ынтымақтастық Ұйымына мүше мемлекеттердің қауіпсіздік кеңесі хатшыларының он сегізінші кездесуі өтті. Жиынға Қазақстан Республикасы Президентінің көмекшісі – Қауіпсіздік Кеңесінің хатшысы Ғизат Нұрдәулетов қатысты, деп хабарлады Elorda.info.
Іс-шара барысында ШЫҰ кеңістігіндегі қауіпсіздік пен тұрақтылықты қамтамасыз ету саласындағы ахуалға қатысты бірқатар мәселе талқыланды.
Тараптар халықаралық және аймақтық күн тәртібіндегі өзекті мәселелер, атап айтқанда, киберқылмыспен күрес, терроризм мен экстремизмге, заңсыз қару мен ескірткі айналымына, ұйымдасқан трансұлттық қылмысқа қарсы іс-әрекет, Ауғанстандағы жағдайды тұрақтандыру, халықаралық ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету салаларындағы өзара ынтымақтастықты дамыту жөнінде пікір алмасты.
Ғизат Нұрдәулетов әріптестеріне ШЫҰ қызметінің маңызды бағыттары бойынша Қазақстанның ұстанымы туралы мәлімет берді. Сондай-ақ еліміздің мүддесін ескере отырып, қауіпсіздіктің негізгі аспектілері бойынша өзара іс-әрекеттерді одан әрі дамыту жөнінде бірқатар ұсыныс айтты.
Жиын қорытындысы бойынша ШЫҰ-ға мүше мемлекеттердің қауіпсіздік кеңесі хатшыларының келесі кездесуін Қазақстанда өткізу жөнінде шешім қабылданды.
Кездесу аясында Қазақстан Республикасы Президентінің көмекшісі – Қауіпсіздік Кеңесінің хатшысы Ғизат Нұрдәулетов Үндістан Премьер-министрінің ұлттық қауіпсіздік жөніндегі кеңесшісі Аджит Довалмен екіжақты келіссөз жүргізіп, өзара ынтымақтастықтың өзекті мәселелерін талқылады. Олар екі елдің қауіпсіздік кеңесі аппараттары арасындағы кеңестің төртінші кезеңін Астанада өткізу жөнінде уағдаласты.
![](/img/articles/40df99bf07243b30ef75170574190731.jpeg)
![](/img/articles/9418224e703053b4564ae8494cdf5f83.jpeg)
![](/img/articles/7c50a1874ec4ebfb371ef3550782b454.jpeg)
![](/img/articles/fb4f617e7542c1b7e1eabfb2c496cd2e.jpeg)
![Президент: ШЫҰ қызметінің бірі – мәдени-гуманитарлық ынтымақтастықты кеңейту](/img/articles/40df99bf07243b30ef75170574190731.jpeg)
![Тоқаев БҰҰ Бас Ассамблеясының резолюциясын қабылдауды ұсынды](/img/articles/9418224e703053b4564ae8494cdf5f83.jpeg)
![Президенттің ШЫҰ-ға мүше мемлекеттер басшылары кеңесінің отырысында сөйлеген сөзі (Толық мәтін)](/img/articles/7c50a1874ec4ebfb371ef3550782b454.jpeg)
![Ұйымның Шарттық базасы 60 жаңа құжатпен толықтырылды – Тоқаев](/img/articles/fb4f617e7542c1b7e1eabfb2c496cd2e.jpeg)
![Рас әл-Хайма әмірі Қазақстанға ШЫҰ саммитіне қатысу үшін келді](/img/articles/6638f1d087e6fc523720238c69dc3c78.webp)
![Қазақстан мен Индонезия арасындағы мәдени ынтымақтастық перспективалары талқыланды](/img/articles/db5ac42bf89c7cd6b8c8d2abccca1f17.jpeg)
![Мемлекет басшысы Ресей Президентімен кездесті](/img/articles/ad3f801483021492791763954d579996.jpg)
![Президент: Қатар – Қазақстанның ең жақын серіктестерінің бірі](/img/articles/b0500d8f0412d9a07f7f20bfdf89345a.jpg)
![Қасым-Жомарт Тоқаев БҰҰ Бас хатшысына алғыс айтты](/img/articles/2abceebbfceaa324314d785973f9d66f.jpg)
![Мемлекет басшысы Ильхам Әлиевпен кездесу өткізді](/img/articles/96e70adeda4f6b0ac2f23f64578b58c9.jpeg)
![Қазақстан Тәуелсіздігіне алғашқы қадам](/img/articles/uploads/618e4f449f207395942992_251ba64e83.jpg)
![Ертісбаев Қазақстан халық партиясының құрамына кірді](/img/articles/uploads/62355d6f2fb05524869441_75a8d1743b.jpg)
![Тоқаев мемлекеттік наградалар туралы заңға қол қойды](/img/articles/3096b2c06e11367cbe952c46227b36ba.webp)
![Тоқаев Қытай компаниясына аймақтық R&D орталығын ашуды ұсынды](/img/articles/97d327dc1bab454b86e352d662e2f093.jpeg)
![Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі тағайындалды](/img/articles/4f9c508d3134bffa9c829d17734f4227.jpg)
![Президент бәсекеге қабілетті болудың жолын көрсетті – депутат](/img/articles/290b71128ae6059b2a4e9bb3ee4b1351.jpg)
![Қасым-Жомарт Тоқаев Италия Президентімен келіссөз жүргізді](/img/articles/uploads/photo_5280924730569905291_y_e86567d523.jpg)
![Президент Алматы қаласының әкімі Ерболат Досаевты қабылдады](/img/articles/f8ec0c0dd3ffacdebadbbf6ea75bd37c.jpeg)
![Қасым-Жомарт Тоқаев словен халқын Ұлттық күнімен құттықтады](/img/articles/d129bb9022b0fc439f114e21ade25d54.jpg)
![Президент әкімшілігінің бөлім меңгерушісі тағайындалды](/img/articles/uploads/arik_0068434d15.jpg)