00:00
Астана -10oC
USD:
475.39
EUR:
513.37
RUB:
5.4
Поиск

Сауд Арабиясының Қазақстандағы елшісі тағайындалды

01.04.2023 | 00:59
Елорда ақпарат
120

Сыртқы істер министрінің орынбасары Қанат Тумыш жаңадан тағайындалған Сауд Арабиясы Корольдігінің Қазақстандағы елшісі Файсал Әл-Қахтанидан сенім грамоталарының көшірмелерін қабылдады, деп хабарлады Elorda.info СІМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Министрдің орынбасары Сауд Елшісін қызметке тағайындалуымен құттықтап, жоғары деңгейде қалыптасқан қарым-қатынастарды одан әрі нығайтуға ықпал ететіндігін атап өтті, - делінген СІМ хабарламасында.

Файсал Әл-Қахтани өз кезегінде екіжақты ынтымақтастықты жан-жақты дамыту үшін барлық күш-жігерін салуға ниетті екенін жеткізді.

Сұхбат барысында дипломаттар Қазақстан-Сауд Арабиясы ынтымақтастығының күн тәртібінде тұрған бірқатар маңызды мәселені және өзара ықпалдастықтың келешегін талқылады.

Тараптар екіжақты және көпжақты форматтағы әріптестікті өзара белсенді қолдауға келісті.

Все новости