Тоқаев Әділет министріне бірқатар тапсырма берді
![](/img/articles/uploads/640f04ed90f6b726598460_07c4625b68.jpg)
Мемлекет басшысы Әділет министрі Азамат Есқараевты қабылдады, деп хабарлады Elorda.info Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Президентке әділет органдары қызметінің нәтижелері және алдағы кезеңге арналған жоспары туралы есеп беріліп, реформа жүргізілетін бағыттар таныстырылды.
Министр Қылмыстық және Қылмыстық-процестік кодекстерді тексерудің аяқталғанын мәлімдеді. Осы ретте 1000-нан астам бап пен 1 200 ұсынысқа талдау жүргізілді. Нәтижесінде азаматтар мен кәсіпкерлер құқықтарының қорғалуын күшейту мәселелерін ескеретін және бизнесті негізсіз қылмыстық қудалауға жол бермейтін тиісті заң жобасы әзірленді.
Азамат Есқараевтың айтуынша, заңнаманың сапасын арттыру үшін кешенді шаралар қабылданып жатыр. Атап айтқанда, заң жобасы қызметі мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссияның жұмысын жандандыру, ғалымдарды кеңінен тарта отырып, заңнаманың тұрақтылығын қамтамасыз ету, реформаларды ақпараттық тұрғыда қолдауды күшейту жөніндегі іс-шараларды жүзеге асыру көзделген.
Сонымен қатар Президент Әділет министрлігіне қарасты мәселелер мен көрсетілетін мемлекеттік қызметтерді автоматтандыру және цифрландыру шараларын қамтитын 12 жобамен танысты.
Кездесу соңында Қасым-Жомарт Тоқаев министрлікке жүктелген міндеттердің сапалы іске асырылуының маңыздылығына назар аударып, заңнаманы одан әрі жетілдіруге және азаматтардың құқықтарын қорғауды күшейтуге бағытталған бірқатар тапсырма берді.
![](/img/articles/6638f1d087e6fc523720238c69dc3c78.webp)
![](/img/articles/db5ac42bf89c7cd6b8c8d2abccca1f17.jpeg)
![](/img/articles/ad3f801483021492791763954d579996.jpg)
![](/img/articles/b0500d8f0412d9a07f7f20bfdf89345a.jpg)
![Рас әл-Хайма әмірі Қазақстанға ШЫҰ саммитіне қатысу үшін келді](/img/articles/6638f1d087e6fc523720238c69dc3c78.webp)
![Қазақстан мен Индонезия арасындағы мәдени ынтымақтастық перспективалары талқыланды](/img/articles/db5ac42bf89c7cd6b8c8d2abccca1f17.jpeg)
![Мемлекет басшысы Ресей Президентімен кездесті](/img/articles/ad3f801483021492791763954d579996.jpg)
![Президент: Қатар – Қазақстанның ең жақын серіктестерінің бірі](/img/articles/b0500d8f0412d9a07f7f20bfdf89345a.jpg)
![Қасым-Жомарт Тоқаев БҰҰ Бас хатшысына алғыс айтты](/img/articles/2abceebbfceaa324314d785973f9d66f.jpg)
![Мемлекет басшысы Ильхам Әлиевпен кездесу өткізді](/img/articles/96e70adeda4f6b0ac2f23f64578b58c9.jpeg)
![Мемлекет басшысы Эмомали Рахмонмен кездесті](/img/articles/c31d4ac1e3f03da0a6a731709d094682.jpeg)
![Олжас Бектенов Астана әуежайында Тәжікстан Президентін қарсы алды](/img/articles/96ffee5e3e503e4acc0adcfe83954a11.jpeg)
![Пәкістан Ислам Республикасының премьер-министрі Астанаға келді](/img/articles/a69a857aae94cab3998a37c9b6fd2f97.jpeg)
![Ильхам Әлиев ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Астанаға келді](/img/articles/66aa458b2abba3cf059abdd7ae577e69.jpeg)
![Қазақстан Тәуелсіздігіне алғашқы қадам](/img/articles/uploads/618e4f449f207395942992_251ba64e83.jpg)
![Ертісбаев Қазақстан халық партиясының құрамына кірді](/img/articles/uploads/62355d6f2fb05524869441_75a8d1743b.jpg)
![Тоқаев мемлекеттік наградалар туралы заңға қол қойды](/img/articles/3096b2c06e11367cbe952c46227b36ba.webp)
![Тоқаев Қытай компаниясына аймақтық R&D орталығын ашуды ұсынды](/img/articles/97d327dc1bab454b86e352d662e2f093.jpeg)
![Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі тағайындалды](/img/articles/4f9c508d3134bffa9c829d17734f4227.jpg)
![Президент бәсекеге қабілетті болудың жолын көрсетті – депутат](/img/articles/290b71128ae6059b2a4e9bb3ee4b1351.jpg)
![Қасым-Жомарт Тоқаев Италия Президентімен келіссөз жүргізді](/img/articles/uploads/photo_5280924730569905291_y_e86567d523.jpg)
![Президент Алматы қаласының әкімі Ерболат Досаевты қабылдады](/img/articles/f8ec0c0dd3ffacdebadbbf6ea75bd37c.jpeg)
![Қасым-Жомарт Тоқаев словен халқын Ұлттық күнімен құттықтады](/img/articles/d129bb9022b0fc439f114e21ade25d54.jpg)
![Президент әкімшілігінің бөлім меңгерушісі тағайындалды](/img/articles/uploads/arik_0068434d15.jpg)