00:00
Астана -10oC
USD:
476.27
EUR:
515.47
RUB:
5.41
Поиск

Реформалар қоғам дамуының ең тиімді жолын қамтамасыз етуге жағдай жасайды – сарапшы

31.03.2023 | 23:15
Елорда ақпарат
106

Реформалар – бізді болашақта қалаған келбетке сөзсіз алып баратын басқарушылық шешімдердің тізбегі ғана емес екенін түсіну маңызды. Бұл пікірді Президент жанындағы Қазақстанның стратегиялық зерттеулер институты халықаралық зерттеулер бөлімінің басшысы Айдар Құрмашев айтты, деп хабарлады Elorda.info.  

Қазақстан демографиялық жаңару кезеңінен өтуде. Халықтың жартысынан көбі 30-35 дейінгі жастар. Бұл ұрпақ тәуелсіз мемлекетте дүниеге келген және олардың ел қалай даму керек, қандай қағидаттар үстемдік ету керек екендігіне өзіндік ой-пікірлері бар.

Осындай жаңаруға деген қоғамдық сұранысты ескере отырып, мемлекеттік басқаруға қатысты да ұстанымдар өзгеруде. Бұған Үкімет деңгейіндегі жаңа тағайындаулар да мысал болады, олар жасарудың айқын тенденциясын көрсетті. Президенттік кадрлық резерв қазірдің өзінде жемісін беріп жатқанына және жаңадан тағайындалған екі министрдің оған мүше болғаны қуантады.

Реформалар – бізді болашақта қалаған келбетке сөзсіз алып баратын басқарушылық шешімдердің тізбегі ғана емес екенін түсіну маңызды. Реформалар, керісінше, қоғамның өз сұранысы негізінде үйлесімді дамудың ең тиімді жолын қамтамасыз етуге жағдай жасайды.

Тұтастай алғанда, заңнамадағы, мемлекеттік басқарудағы және саяси тағайындаулардағы өзгерістердің бүкіл тізбегінің артында қоғам шешуші рөл атқаратын тежеме мен тепе-теңдіктің жаңартылған жүйесі бар жаңа әлеуметтік келісімшартқа қарай бірегей бетбұрыстың куәсі болып отырғанымызды атап өткен жөн, – деді сарапшы.

Все новости