00:00
Астана -10oC
USD:
476.27
EUR:
515.47
RUB:
5.41
Поиск

Қазақстан мен Моңғолия қатынастарының мәселелері талқыланды

31.03.2023 | 22:51
Елорда ақпарат
122

ҚР Сыртқы істер министрінің орынбасары Қанат Тумыш Моңғолияның Қазақстандағы елшісі Дорж Баярхуумен кездесу өткізді, деп хабарлады Elorda.info.

Келіссөздер барысында тараптар саяси, сауда-экономикалық және мәдени-гуманитарлық салалардағы екіжақты ынтымақтастықтың қазіргі жағдайы мен даму болашағын талқылады.

Сұхбаттастар өзара сауда өсімінің оң динамикасын қанағаттанушылықпен атап өтті, оның көрсеткіші 2021 жылмен салыстырғанда 1,7 есеге өсіп, 104 млн АҚШ доллардан асты.

Қ. Тумыш жоғарғы және жоғары деңгейдегі тұрақты байланыстарды сақтаудың және екі ел арасындағы сауда-экономикалық ықпалдастығын белсендірудің маңыздылығын атап өтті.

Все новости