00:00
Астана -10oC
USD:
476.27
EUR:
515.47
RUB:
5.41
Поиск

Юрий Ильин Түркістан облысының су басқан аудандарын әуеден барлап шықты

31.03.2023 | 22:39
Айман Нығмет
92

Бүгін Төтенше жағдайлар министрі Юрий Ильин, Түркістан облысы әкімінің бірінші орынбасары Арман Жетпісбай және мүдделі ұйым өкілдері Түркістан облысында әуеден барлау жұмысын жүргізді, деп хабарлады Elorda.info.

Оның барысында Сауран ауданының аумағында, Қаратау беткейінде және Сырдария мен Арыс өзендерінің бойында бұған дейін су басқан елді мекендерге аэровизуалды шолу жасалды.

Әуеден барлау жұмыстарынан кейін министр жергілікті атқарушы органдармен және су шаруашылығы мекемелерімен кеңес өткізді, онда ағымдағы жағдайдың тұрақтанғаны және қалыптасқан метеорологиялық жағдай негізінде қажетті алдын алу шараларын қабылдау мәселелері талқыланды.

Қазіргі уақытта жағдай тұрақты, ешқандай қауіп жоқ.

Сонымен қатар, құтқару бөлімшелері атқарушы органдармен бірлесіп қосымша алдын алу шараларын қабылдап жатыр.

Все новости