00:00
Астана -10oC
USD:
472.57
EUR:
508.34
RUB:
5.4
Поиск

Қазақстанда Адам құқықтары жөніндегі комиссияның құрамы жаңарды

31.03.2023 | 22:30
Елорда ақпарат
93

Мемлекет басшысы ҚР Президенті жанындағы Адам құқықтары жөніндегі комиссияның жаңа құрамын бекітті, деп хабарлады Elorda.info.

ҚР Президентінің 2003 жылғы 19 наурыздағы № 1042 Жарлығына өзгерістер енгізу туралы құжатқа 27 қаңтарда қол қойылды.

Аталған комиссия құрамына:

  • Алауханов Есберген Оразұлы – «Наука и жизнь Казахстана» халықаралық ғылыми журналының бас редакторы (келісім бойынша);
  • Бейсембаев Ғани Бектайұлы – Қазақстан Республикасының Білім министрі;
  • Есқараев Азамат Несіпбайұлы – Қазақстан Республикасының Әділет министрі;
  • Артур Ермекұлы Ластаев - Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкіл (келісім бойынша);
  • Нұрбек Саясат – Қазақстан Республикасының Ғылым және жоғары білім министрі;
  • Асхат Раздықұлы Оралов – Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрі;
  • Хасанова Шахноза Кулабдулаевна - «Сана Сезім» әйелдер бастамаларының құқықтық орталығы» қоғамдық бірлестігінің директоры (келісім бойынша);
  • Ударцев Сергей Федорович - Қазақстан Республикасы Конституциялық Сотының судьясы (келісім бойынша) енді.

Сондай-ақ комиссия құрамынан:

Мәдениет және спорт экс-министрі Дәурен Абаев, Конституциялық сот төрағасы Эльвира Әзімова, Конституциялық Кеңестің бұрынғы мүшесі Иоган Меркель, Конституциялық Соттың судьясы Қанат Мусин, Конституциялық соттың судьясы Еркін Оңғарбаев шығарылды.

Все новости