Әскери оқу орнында ұлттық қауіпсіздіктің өзекті мәселелері қаралды
![](/img/articles/uploads/63aad08c9b8fc600882861_064ca34d8c.jpg)
Радиоэлектроника және байланыс әскери-инженерлік институтының базасында халықаралық ғылыми-теориялық конференция өтті. Онда ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз етудегі күштік құрылымдардың рөлі талқыланды, деп хабарлады Elorda.info.
Оған Ұлттық қауіпсіздік комитетінің, Ішкі істер министрлігінің қызметкерлері, Шекара қызметінің, Ұлттық ұланның, Десанттық-шабуылдау әскерлерінің әскери қызметшілері, сондай-ақ бейінді оқу орындары мен әскери кафедралардың профессорлық-оқытушылық құрамы қатысты. Өзекті мәселені талқылауға Армения, Әзірбайжан және Қырғызстан Қарулы күштерінің өкілдері онлайн режимде қосылды.
Мұндай іс-шаралар белсенді пікір алмасуға, ұлттық қауіпсіздіктің өзекті мәселелері бойынша зерттеу нәтижелерін талқылауға, ғылым мен практиканың байланысын нығайтуға, қазіргі заманғы сын-тегеуріндер мен қауіп-қатерлерге тиімді қарсы тұруға мүмкіндік береді. Түрлі ведомстволарға бағыныстылығына қарамастан, біз өзара белсенді ынтымақтасуға тиіспіз, – деп атап өтті Радиоэлектроника және байланыс әскери-инженерлік институтының бастығы, полковник Қайрат Дауытов.
Конференция барысында экстремизмге қарсы іс-қимыл жүйесін жетілдіру, оны ғылыми-зерттеу және оқу-әдістемелік қамтамасыз ету, саяси, әлеуметтік-экономикалық және психологиялық факторлардың террористік қатерлердің пайда болуы мен дамуына әсерін зерттеу мәселелері қаралды. Жастарды медиа кеңістіктегі деструктивті қызметке тарту мәселелеріне ерекше назар аударылды. Ғылыми форумда барлығы 50-ден астам түрлі материалдар ұсынылды.
![](/img/articles/40df99bf07243b30ef75170574190731.jpeg)
![](/img/articles/9418224e703053b4564ae8494cdf5f83.jpeg)
![](/img/articles/7c50a1874ec4ebfb371ef3550782b454.jpeg)
![](/img/articles/fb4f617e7542c1b7e1eabfb2c496cd2e.jpeg)
![Президент: ШЫҰ қызметінің бірі – мәдени-гуманитарлық ынтымақтастықты кеңейту](/img/articles/40df99bf07243b30ef75170574190731.jpeg)
![Тоқаев БҰҰ Бас Ассамблеясының резолюциясын қабылдауды ұсынды](/img/articles/9418224e703053b4564ae8494cdf5f83.jpeg)
![Президенттің ШЫҰ-ға мүше мемлекеттер басшылары кеңесінің отырысында сөйлеген сөзі (Толық мәтін)](/img/articles/7c50a1874ec4ebfb371ef3550782b454.jpeg)
![Ұйымның Шарттық базасы 60 жаңа құжатпен толықтырылды – Тоқаев](/img/articles/fb4f617e7542c1b7e1eabfb2c496cd2e.jpeg)
![Рас әл-Хайма әмірі Қазақстанға ШЫҰ саммитіне қатысу үшін келді](/img/articles/6638f1d087e6fc523720238c69dc3c78.webp)
![Қазақстан мен Индонезия арасындағы мәдени ынтымақтастық перспективалары талқыланды](/img/articles/db5ac42bf89c7cd6b8c8d2abccca1f17.jpeg)
![Мемлекет басшысы Ресей Президентімен кездесті](/img/articles/ad3f801483021492791763954d579996.jpg)
![Президент: Қатар – Қазақстанның ең жақын серіктестерінің бірі](/img/articles/b0500d8f0412d9a07f7f20bfdf89345a.jpg)
![Қасым-Жомарт Тоқаев БҰҰ Бас хатшысына алғыс айтты](/img/articles/2abceebbfceaa324314d785973f9d66f.jpg)
![Мемлекет басшысы Ильхам Әлиевпен кездесу өткізді](/img/articles/96e70adeda4f6b0ac2f23f64578b58c9.jpeg)
![Қазақстан Тәуелсіздігіне алғашқы қадам](/img/articles/uploads/618e4f449f207395942992_251ba64e83.jpg)
![Ертісбаев Қазақстан халық партиясының құрамына кірді](/img/articles/uploads/62355d6f2fb05524869441_75a8d1743b.jpg)
![Тоқаев мемлекеттік наградалар туралы заңға қол қойды](/img/articles/3096b2c06e11367cbe952c46227b36ba.webp)
![Тоқаев Қытай компаниясына аймақтық R&D орталығын ашуды ұсынды](/img/articles/97d327dc1bab454b86e352d662e2f093.jpeg)
![Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі тағайындалды](/img/articles/4f9c508d3134bffa9c829d17734f4227.jpg)
![Президент бәсекеге қабілетті болудың жолын көрсетті – депутат](/img/articles/290b71128ae6059b2a4e9bb3ee4b1351.jpg)
![Қасым-Жомарт Тоқаев Италия Президентімен келіссөз жүргізді](/img/articles/uploads/photo_5280924730569905291_y_e86567d523.jpg)
![Президент Алматы қаласының әкімі Ерболат Досаевты қабылдады](/img/articles/f8ec0c0dd3ffacdebadbbf6ea75bd37c.jpeg)
![Қасым-Жомарт Тоқаев словен халқын Ұлттық күнімен құттықтады](/img/articles/d129bb9022b0fc439f114e21ade25d54.jpg)
![Президент әкімшілігінің бөлім меңгерушісі тағайындалды](/img/articles/uploads/arik_0068434d15.jpg)