00:00
Астана -10oC
USD:
475.39
EUR:
513.37
RUB:
5.4
Поиск

Ақорда Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2022 жылы атқарған жұмысын қорытындылады

31.03.2023 | 21:23
Елорда ақпарат
91

Ақордада Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2022 жылға арналған қызметінің қорытындылары талқыланды, деп хабарлады Elorda.info.

Президент 2022 жылы 68 Заңға, 422 Жарлыққа, 137 өкімге, 4 508 қызметтік хат-хабарға, 594 жеке және заңды тұлғалардың жолданымына қатысты тиісті шешімдерге қол қойды.

Сондай-ақ, Мемлекет басшысы жыл басынан бері 60 жеделхат жолдаған, 30 мемлекттің Төтенше және өкілетті елшісінен сенім грамоталарын қабылдаған, 59 рет телефон арқылы сөйлескен, 7 рет үндеу мен мәлімдеме жасап, 1 рет жария түрде конституциялық заңдарға қол қойған.

Биыл Қасым-Жомарт Тоқаев 59 жиналыс пен кеңеске, 31 халықаралық деңгейдегі шараға қатысып, 298 рет қабылдау мен кездесу өткізген.

Президент 2022 жылы ел ішіне және шетелдерге бірқатар сапар жасады. 147 390 шақырым қашықтыққа ұшты. 238 сағат 55 минут ұшақта болды. Мемлекет басшысы 16 рет жұмыс сапарымен еліміздің аймақтарына барды. Қасым-Жомарт Тоқаев 14 елге 25 рет сапар шекті. Олардың қатарында Қытай, Ресей, Өзбекстан, Қатар, Түркия, Иран, Сауд Арабиясы, АҚШ, Франция, Әзербайжан және басқа да елдер бар. Президент 19 елдің мемлекет басшысымен кездесіп, келіссөз жүргізді. Олар: РФ Президенті Владимир Путин, ҚХР Төрағасы Си Цзиньпин, Рим Папасы Франциск, Түркия Президенті Режеп Тайып Ердоған, Франция Президенті Эмманюэль Макрон, Өзбекстан Президенті Шавкат Мирзёев, Қырғызстан Президенті Садыр Жапаров, Иран Президенті Ибрахим Раиси, Қатар әмірі шейх Тәмим бен Хамад Әл Тәни, Сауд Арабиясының королі Салман бен Әбделазиз Әл Сауд, БАӘ Президенті шейх Мұххамед бен Зайд әл Нахаян, Әзербайжан Президенті Ильхам Әлиев және басқалары.

 

 

 

Все новости