00:00
Астана -10oC
USD:
476.27
EUR:
515.47
RUB:
5.41
Поиск

Мәжіліс төрағасы Пәкістанға ресми сапармен барды

31.03.2023 | 21:02
Елорда ақпарат
88

Пәкістан Ұлттық Ассамблеясының спикері Раджа Первез Ашрафтың шақыруымен Қазақстан Парламенті Мәжілісінің спикері Ерлан Қошанов бастаған делегация Исламабадқа барды, деп хабарлады Elorda.info.

Сапар барысында Ерлан Қошанов Пәкістан Ұлттық Ассамблеясының спикері Раджа Первез Ашрафпен кездесіп, екі ел арасындағы парламентаралық ынтымақтастық мәселелерін талқылады.

Мәжіліс спикері әріптесін Пәкістан Тәуелсіздігінің және Парламентінің 75 жылдығымен құттықтады. Бауырлас елге бақ-береке тілеп, Пәкістан Қазақстанның Оңтүстік Азиядағы маңызды серіктесі екенін атап өтті.

Биыл елдеріміз арасында дипломатиялық қарым-қатынастың орнағанына 30 жыл толды. Осы уақыттың ішінде Қазақстан мен Пәкістан жан-жақты ынтымақтастық орнатып, біраз табысқа қол жеткізді,– деді Ерлан Қошанов.

Мәжіліс төрағасы қазіргі таңда Қазақстанда маңызды тарихи оқиғалар болып, Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен ауқымды саяси реформалар жүргізіліп жатқанына назар аударды.

20 қарашада Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан Президенті болып сайланды. Келесі жылы Парламент сайлауын өткізуді жоспарлап отырмыз. Бұл – біздің еліміздегі парламентаризмнің даму тарихындағы жаңа кезең. Жаңа заңнамаға сәйкес саяси партияларды тіркеу рәсімдері едәуір жеңілдеді. Нәтижесінде сайлаудан кейін Мәжілісте саяси партиялардың саны артады деп ойлаймыз. Бұл Парламенттің қоғамдағы рөлі мен беделін нығайтуға септігін тигізеді, – деді Ерлан Қошанов.

Өз кезегінде, Пәкістан Ұлттық Ассамблеясының спикері Раджа Первез Ашраф парламенттік дипломатияның маңыздылығына тоқталды.

Парламентаралық ықпалдастық жалғаса береді. Біздің әлеуетіміз зор. Энергетика, қауіпсіздік, азық-түлік, әскери саладағы әріптестікті дамыта аламыз. Сонымен бірге бауырлас халықтарымыздың достығын нығайту маңызды. Біздің мақсатымыз – Орталық Азия елдерімен байланысты күшейту, – деді Раджа Ашраф.

Қазіргі уақытта екі ел парламенттерінің байланысы жан-жақты дамып келе жатыр. «Қазақстан-Пәкістан» достық тобы табысты қызмет етуде. Бүгін екі ел депутаттары парламентаралық ынтымақтастықты арттыруға бағытталған осы топтың алғашқы отырысына қатысты. Басқосуда достық топтар мен комитеттерзаңнама саласында тәжірибе алмасу жөнінде келісті.

Все новости