Қошанов: Халықтық коалицияның басты міндеті – Президент реформаларын орындау
Бүгін Қасым-Жомарт Тоқаевтың Республикалық қоғамдық штабының қорытынды отырысы өтті. Жиын барысында үгіт-насихат кезеңінде атқарылған жұмыстар талқыланды, деп хабарлады Elorda.info.
Штаб басшысы Ерлан Қошанов президенттік сайлау заңға және халықаралық нормаларға толық сәйкес өткенін жеткізді.
Жалпы, бұл сайлау қоғам мен биліктің елдің ертеңгі дамуына қатысты түсінігі ортақ екенін көрсетті. Халық Президенттің реформалары белгіленген мерзімде және толық орындалатынына сенімді болуы керек. Бұл – Халықтық коалицияның басты міндеті, - деді Штаб басшысы.
Е.Қошанов Халықтық коалицияның, Республикалық және аймақтық қоғамдық штабтардың мүшелеріне, сенімді өкілдерге, жастар белсенділері мен бақылаушыларға атқарылған жұмыстар үшін алғысын білдірді.
Үгіт-насихат науқаны кезінде Қасым-Жомарт Тоқаевтың жақтастары 42 қала мен 5 мыңнан астам ауылды аралады. Олар өткізген 24 мың үгіт-насихат іс-шарасына 3 миллион сайлаушы қатысты. Кездесулер барысында азаматтардан 40 мыңнан астам ұсыныс пен тілек жиналды.
Халықтық коалицияның жұмысы мұнымен аяқталмайды. Біз бәріміз Мемлекет басшысы жақтастарының командасында қаламыз. Коалицияға кірген барлық қоғамдық-саяси күш Қасым-Жомарт Тоқаевтың Сайлауалды бағдарламасын және барлық саяси реформаны жүзеге асыруға белсенді атсалысады деп ойлаймын, - деді Е.Қошанов.
Жиын барысында тұңғыш ғарышкер, Халық қаһарманы Тоқтар Әубәкіров, «Ақ жол» Қазақстан демократиялық партиясының төрағасы Азат Перуашев, Қазақстан Халық партиясының басшысы Ермұхамет Ертісбаев, қоғам қайраткері Жақсыбек Құлекеев, Қазақстанның Азаматтық Альянсының президенті Бану Нұрғазиева, Қазақстан Жазушылар одағының төрағасы Ұлықбек Есдәулет, белгілі заңгер Бақытжан Базарбек, Павлодар облыстық қоғамдық штабының басшысы Илья Теренченко және «Qazaqstan Team» жастар бірлестігінің басшысы Олжас Сүлейменов және коалицияның басқа да мүшелері сөз сөйледі.
![](/img/articles/40df99bf07243b30ef75170574190731.jpeg)
![](/img/articles/9418224e703053b4564ae8494cdf5f83.jpeg)
![](/img/articles/7c50a1874ec4ebfb371ef3550782b454.jpeg)
![](/img/articles/fb4f617e7542c1b7e1eabfb2c496cd2e.jpeg)
![Президент: ШЫҰ қызметінің бірі – мәдени-гуманитарлық ынтымақтастықты кеңейту](/img/articles/40df99bf07243b30ef75170574190731.jpeg)
![Тоқаев БҰҰ Бас Ассамблеясының резолюциясын қабылдауды ұсынды](/img/articles/9418224e703053b4564ae8494cdf5f83.jpeg)
![Президенттің ШЫҰ-ға мүше мемлекеттер басшылары кеңесінің отырысында сөйлеген сөзі (Толық мәтін)](/img/articles/7c50a1874ec4ebfb371ef3550782b454.jpeg)
![Ұйымның Шарттық базасы 60 жаңа құжатпен толықтырылды – Тоқаев](/img/articles/fb4f617e7542c1b7e1eabfb2c496cd2e.jpeg)
![Рас әл-Хайма әмірі Қазақстанға ШЫҰ саммитіне қатысу үшін келді](/img/articles/6638f1d087e6fc523720238c69dc3c78.webp)
![Қазақстан мен Индонезия арасындағы мәдени ынтымақтастық перспективалары талқыланды](/img/articles/db5ac42bf89c7cd6b8c8d2abccca1f17.jpeg)
![Мемлекет басшысы Ресей Президентімен кездесті](/img/articles/ad3f801483021492791763954d579996.jpg)
![Президент: Қатар – Қазақстанның ең жақын серіктестерінің бірі](/img/articles/b0500d8f0412d9a07f7f20bfdf89345a.jpg)
![Қасым-Жомарт Тоқаев БҰҰ Бас хатшысына алғыс айтты](/img/articles/2abceebbfceaa324314d785973f9d66f.jpg)
![Мемлекет басшысы Ильхам Әлиевпен кездесу өткізді](/img/articles/96e70adeda4f6b0ac2f23f64578b58c9.jpeg)
![Қазақстан Тәуелсіздігіне алғашқы қадам](/img/articles/uploads/618e4f449f207395942992_251ba64e83.jpg)
![Ертісбаев Қазақстан халық партиясының құрамына кірді](/img/articles/uploads/62355d6f2fb05524869441_75a8d1743b.jpg)
![Тоқаев мемлекеттік наградалар туралы заңға қол қойды](/img/articles/3096b2c06e11367cbe952c46227b36ba.webp)
![Тоқаев Қытай компаниясына аймақтық R&D орталығын ашуды ұсынды](/img/articles/97d327dc1bab454b86e352d662e2f093.jpeg)
![Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі тағайындалды](/img/articles/4f9c508d3134bffa9c829d17734f4227.jpg)
![Президент бәсекеге қабілетті болудың жолын көрсетті – депутат](/img/articles/290b71128ae6059b2a4e9bb3ee4b1351.jpg)
![Қасым-Жомарт Тоқаев Италия Президентімен келіссөз жүргізді](/img/articles/uploads/photo_5280924730569905291_y_e86567d523.jpg)
![Президент Алматы қаласының әкімі Ерболат Досаевты қабылдады](/img/articles/f8ec0c0dd3ffacdebadbbf6ea75bd37c.jpeg)
![Қасым-Жомарт Тоқаев словен халқын Ұлттық күнімен құттықтады](/img/articles/d129bb9022b0fc439f114e21ade25d54.jpg)
![Президент әкімшілігінің бөлім меңгерушісі тағайындалды](/img/articles/uploads/arik_0068434d15.jpg)