00:00
Астана -10oC
USD:
476.27
EUR:
515.47
RUB:
5.41
Поиск

«Украинадан кейінгі мәселе – Қазақстан»: Сенатор даулы пікір айтқандарға жауап берді

31.03.2023 | 20:31
Елорда ақпарат
136

Парламент Сенатының Халықаралық қатынастар, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің төрағасы Мұхтар Құл-Мұхамед ресейлік телеарнадағы Қазақстанға қатысты айтылған даулы пікірге жауап берді, деп хабарлады Elorda.info.

Соловьев әлемнің көптеген елінде бұрыннан нон грата алған адам болатын және қазір барлық түрдегі санкциялық қара тізімде бар. Сондықтан ыза-кектің салдарынан ол бәріне жармасып, улы сілекейін шашып жүр, – деді ол Сенат кулуарында.

Құл-Мұхаммед сондай-ақ Соловьевтің өзінің телебағдарламасында өзінің жеке шығатынын және бағдарламаға арандатушылық мәлімдеме жасайтын қонақтардың шақыратынын атап өтті.

Мұның бәрі тікелей эфирде және есуастық болады, – дейді ол.

Тікелей эфир кезінде ресейлік саясаттанушы Дробницкий «Украинадан кейінгі мәселеміз Қазақстан болуы мүмкін» деген болатын. Мұхтар Құл-Мұхамед мұны еліміз үшін тікелей қауіп деп санайтынын жеткізген.

Ол Соловьев бұрын «Россия 1» телеарнасында Алматыға бомба «тастап жіберуді» ұсынғанын еске салды, одан бағдарламаның мейманы - Мемлекеттік Думаның депутаты Онищенко да үрейленіп қалған болатын.

Егер ол Еуразиялық экономикалық одақ пен ҰҚШҰ-да бірге тұрған бізге дос Ресейдің мемлекеттік арнасының эфирінде көрсетілмесе,  дүдәмал сарапшысы-фантаст Дробницкийдің, ол - Жуков қой, пікіріне назар аудармас едік. Қазақстан 30 жылдан астам уақыт бойы тәуелсіз мемлекет болып келеді. Соловьев пен оған ұқсас саясаткерлер шынайы шындықты түсініп, жаңа геосаяси шындықпен санасуды үйренетін уақыт келді, - деді Мұхтар Құл-Мұхамед.

Еске салсақ, бұған дейін әлеуметтік желіде «Вечер с Владимиром Соловьевым» атты Ресейдің мемлекеттік арнасында шыққан хабардан үзінді жарияланып, онда қатысушылар «Қазақстанда да Украинадағыдай «нацистік» процестер басталуы мүмкін» деп, «Украинадан кейінгі мәселе – Қазақстан» деп мәлімдеген.

Парламент Мәжілісінің төрағасы Ерлан Қошанов даулы пікірге қатысты өзінің пікірін білдіріп, біз Ресейге тәуелді емес екенімізді, тіпті көрші елден қорықпайтынымызды айтқан еді. 

Біз Ресейге тәуелді емеспіз. Ресейден қорықпаймыз. Біз – терезесі тең, егеменді мемлекетпіз. Біріншіден, барлық мәселе заң аясында жүргізіледі. Екіншіден, Қазақстанға қарсы сөз айтқан Ресей азаматы немесе басқа елдің азаматтары болсын, олардың пікіріне Президенттен бастап, депутаттар, Сыртқы істер министрлігі өз жауабын беріп жүр. Оны сіздер естідіңіздер, - деді Ерлан Қошанов. 

Сондай-ақ Қазақстан Сыртқы істер министрлігі де көп ұзамай бұл мәлімдемеге қатысты пікір білдірді. СІМ басшысының орынбасары мұндай мәлімдемелерге Ресей билігі тарапынан тиісті шара қолданылуы керегін айтты. 

Мен ешқандай ұлтшылдық процестерге тап болған емеспін. Өйткені Қазақстанда ондай атымен жоқ. Ал ресейлік телеарнадағы мәлімдемеге келсек, президент те, СІМ басшысы да, депутаттар да бұған дейін түрлі бас шұлғыған қуыршақтардың шулы мәлімдемелеріне қатысты пікір білдірген. Олар біріншіден, Ресей Федерациясының ресми ұстанымын білдірмейді. Екіншіден, екі ел арасындағы тығыз қарым-қатынасқа залалын тигізеді. Мұндай мәлімдемелерге Ресей билігі тарапынан тиісті шара қолданылуы керек, – деп жауап берді СІМ басшысының орынбасары Роман Василенко.

Все новости