00:00
Астана -10oC
USD:
475.39
EUR:
513.37
RUB:
5.4
Поиск

Халықаралық байқаушылар Тоқаевтың сайлауалды штабына барды

31.03.2023 | 20:27
Елорда ақпарат
104

Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымы Парламенттік Ассамблеясының, Америка Құрама Штаттарының және Ислам Ынтымақтастығы Ұйымының халықаралық байқаушылары ҚР Президенттігіне кандидат Қасым-Жомарт Тоқаевтың Республикалық қоғамдық штабына барды, деп хабарлады Elorda.info.

Штаб мүшелері оларды үгіт-насихат және талдау орталықтарының, кандидаттың қоғамдық қабылдау бөлмесінің, медиа-штабтың, сенімді өкілдердің жұмысын үйлестіру орталығының, байқаушылар штабының және арнайы жастар алаңының жұмысымен таныстырды.

Жалпы, үгіт-насихат науқаны кезінде Қасым-Жомарт Тоқаевтың жақтастары 42 қала мен 5 мыңнан астам ауылды аралады. Олар өткізген 24 мың үгіт-насихат іс-шарасына 3 миллион сайлаушы қатысты. Кездесулер барысында азаматтардан 40 мыңнан астам ұсыныс пен тілек жиналды.

Все новости