Қазақстан мен Еуроодақ стратегиялық әріптестік туралы құжатқа қол қойды
![](/img/articles/uploads/6369bfb6b86fe966149151_6c98ec663b.jpg)
Қазақстан мен Еуропалық Одақ тұрақты шикізат, батареялар және «жасыл» сутек құны тізбегі саласындағы стратегиялық әріптестік бойынша өзара түсіністік туралы меморандумды бекітті, деп хабарлады Elorda.info.
Құжатқа Мысырда Климаттың өзгеруі жөніндегі жаһандық конференцияның (COP27) Әлем көшбасшылары саммиті аясында ҚР Премьер-Министрі Әлихан Смайылов пен Еуропалық комиссия Президенті Урсула фон дер Ляйен қол қойды.
Премьер-Министр өз сөзінде жаңа меморандумның маңыздылығын атап өтті.
Құжатқа қол қою Қазақстанның ЕО өнеркәсіптік альянстарымен қаржылық және технологиялық ынтымақтастығын орнатуына жағдай жасайды. Жалпы, біздің еліміз Еуропалық бизнес үшін тартымдылығы жоғары қажетті факторлардың бәріне ие, оның ішінде әртараптандырылған энергия көздері мен жоғары транзиттік-көліктік әлеует бар, — деді Әлихан Смайылов.
Сондай-ақ ол Еуропалық Одақ – Қазақстанның ең ірі және маңызды сауда серіктесі болып қала беретінін, еліміздің сыртқы саудадағы үлесінің шамамен 30%-ы Еуроодаққа тиесілі екенін айтты.
Сонымен қатар бүгінде инвестициялық ынтымақтастықты арттыру және өзара сауда көлемін ұлғайту бойынша айтарлықтай әлеует барын көріп отырмыз, — деді Премьер-Министр.
Өз тарапынан Урсула фон дер Ляйен Еуроодақ Қазақстан экономикасының ең ірі инвесторларының бірі болып табылатынын, сондай-ақ бүгін қол қойылған меморандум бұл қатынастарды одан әрі кеңейте түсетінін атап өтті.
Біз осыған дейін қалыптасқан өзара терең қарым-қатынасымыздың жаңа парағын аштық. Еуропалық Одақ пен Қазақстан көп жылдан бері берік экономикалық байланыстарды дамытып келеді. Біз стратегиялық өндірістік тізбектеріміздің интеграциясын нығайту бағытында бірге жұмыс істейміз. Бұл сирек кездесетін жер элементтерін өндіруге, аккумулятор өндірісіне және «жасыл« сутекке қатысты, — деді Урсула фон дер Ляйен.
Оның айтуынша, бұл өндірістік тізбектер бүкіл әлемде «жасыл» және цифрлық өзгерістердің қозғалтқыштары болып табылады.
Мысалы, біз аккумуляторлардың электромобильдер үшін немесе жаңартылатын энергияны сақтау үшін қаншалықты маңызды екенін білеміз. Сондықтан дәл қазір ынтымақтастығымызды нығайту үшін қолайлы сәт, — деді Еуропалық комиссия Президенті.
Ол өзара түсіністік туралы меморандум ұзақ мерзімді әріптестік қатынастарды дамытуға бағытталғанын атап өтті.
![](/img/articles/58fff5f8792cd0a517f260ea29c93db5.jpg)
![](/img/articles/99537d9e5bd1cc684758667011625625.jpg)
![](/img/articles/ca7c8ab717d270aa06d5032cfaea19c8.jpg)
![](/img/articles/40df99bf07243b30ef75170574190731.jpeg)
![Қасым-Жомарт Тоқаев Иранның жаңадан сайланған Президентін құттықтады](/img/articles/58fff5f8792cd0a517f260ea29c93db5.jpg)
![Түркі мемлекеттері ұйымын одан әрі нығайту қажет – Тоқаев](/img/articles/99537d9e5bd1cc684758667011625625.jpg)
![Мемлекет басшысы жұмыс сапарымен Әзербайжанға барды](/img/articles/ca7c8ab717d270aa06d5032cfaea19c8.jpg)
![Президент: ШЫҰ қызметінің бірі – мәдени-гуманитарлық ынтымақтастықты кеңейту](/img/articles/40df99bf07243b30ef75170574190731.jpeg)
![Тоқаев БҰҰ Бас Ассамблеясының резолюциясын қабылдауды ұсынды](/img/articles/9418224e703053b4564ae8494cdf5f83.jpeg)
![Президенттің ШЫҰ-ға мүше мемлекеттер басшылары кеңесінің отырысында сөйлеген сөзі (Толық мәтін)](/img/articles/7c50a1874ec4ebfb371ef3550782b454.jpeg)
![Ұйымның Шарттық базасы 60 жаңа құжатпен толықтырылды – Тоқаев](/img/articles/fb4f617e7542c1b7e1eabfb2c496cd2e.jpeg)
![Рас әл-Хайма әмірі Қазақстанға ШЫҰ саммитіне қатысу үшін келді](/img/articles/6638f1d087e6fc523720238c69dc3c78.webp)
![Қазақстан мен Индонезия арасындағы мәдени ынтымақтастық перспективалары талқыланды](/img/articles/db5ac42bf89c7cd6b8c8d2abccca1f17.jpeg)
![Мемлекет басшысы Ресей Президентімен кездесті](/img/articles/ad3f801483021492791763954d579996.jpg)
![Қазақстан Тәуелсіздігіне алғашқы қадам](/img/articles/uploads/618e4f449f207395942992_251ba64e83.jpg)
![Ертісбаев Қазақстан халық партиясының құрамына кірді](/img/articles/uploads/62355d6f2fb05524869441_75a8d1743b.jpg)
![Тоқаев мемлекеттік наградалар туралы заңға қол қойды](/img/articles/3096b2c06e11367cbe952c46227b36ba.webp)
![Тоқаев Қытай компаниясына аймақтық R&D орталығын ашуды ұсынды](/img/articles/97d327dc1bab454b86e352d662e2f093.jpeg)
![Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі тағайындалды](/img/articles/4f9c508d3134bffa9c829d17734f4227.jpg)
![Президент бәсекеге қабілетті болудың жолын көрсетті – депутат](/img/articles/290b71128ae6059b2a4e9bb3ee4b1351.jpg)
![Президент ACWA Power компаниясы директорлар кеңесінің төрағасы Мұхаммед Абунайянды қабылдады](/img/articles/uploads/9_1dbc62624e.jpg)
![Қасым-Жомарт Тоқаев Италия Президентімен келіссөз жүргізді](/img/articles/uploads/photo_5280924730569905291_y_e86567d523.jpg)
![Президент Алматы қаласының әкімі Ерболат Досаевты қабылдады](/img/articles/f8ec0c0dd3ffacdebadbbf6ea75bd37c.jpeg)
![Қасым-Жомарт Тоқаев словен халқын Ұлттық күнімен құттықтады](/img/articles/d129bb9022b0fc439f114e21ade25d54.jpg)