00:00
Астана -10oC
USD:
476.27
EUR:
515.47
RUB:
5.41
Поиск

Өзбекстан мен Нидерланды өкілдері Ауғанстандағы жағдайды талқылады

31.03.2023 | 19:51
Елорда ақпарат
88

Өзбекстан президентінің Ауғанстан бойынша арнайы өкілі Исматулла Иргашев Гаагада Нидерландының Пәкістан және Ауғанстан бойынша арнайы өкілі Макс Валстармен кездесуінде Ауғанстандағы жағдайды талқылады, деп хабарлады Elorda.info Өзбекстан Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Өзбекстан мен Нидерланды ауған дағдарысын бейбіт жолмен шешуге, елге тез арада гуманитарлық және басқа да көмек көрсетуге ерекше назар аударды.

Елдің жаңа билік органдарының кең өкілдік негізде үкімет құру, адамның, оның ішінде әйелдер мен қыздардың, сондай-ақ елдің ұлттық азшылықтарының құқықтарын сақтау жөніндегі халықаралық қоғамдастықтың негізгі талаптарын орындау маңызы атап өтілді.

Нидерланды тарапы өзбек тарапының Ауғанстанның жаңа билігіне қатысты әлемдік қоғамдастықтың ұстанымын өзгертпей, өткір әлеуметтік-гуманитарлық дағдарысты шешу, сондай-ақ ұлттық экономиканы толыққанды қалпына келтіру мүмкін емес деген пікірімен келісті.

Хабарламада тараптар Ауған тақырыбы бойынша консультацияларды тұрақты негізде жалғастыруға келісті делінген.

Все новости