Тоқаев Қазақстан «электронды үкіметті» дамыту бойынша әлемнің үздік отыздығына кіретінін айтты
![](/img/articles/uploads/6364c96b98367605745900_e15240fc39.jpg)
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанда тіркелген шетелдік дипломатиялық миссия басшыларымен кездесуінде осылай деді, деп хабарлады Elorda.info Президент баспасөз қызметінің БОРТ №1 телеграм-арнасына сілтеме жасап.
Біз жыл сайын 5 млн тоннадан астам бидай мен 1,5 млн тонна ұн экспорттаймыз. Әлемнің ең ірі он астық экспорттаушы елдер қатарына кіреміз.
Қазақстан – зығыр тұқымын ірі өндірушілердің және майлы дақыл экспорттаушылардың бірі.
Біздің стратегиялық мақсатымыз – саланың өндірісін 2,5 есе және экспортты 2 есе ұлғайту, – деді Президент.
Сондай-ақ Мемлекет басшысы Қазақстан мұнай қорының көлемі бойынша Еуразияда 2-орын иеленетенін айтты.
Оқи отырыңыз: Президент: Инвестиция тарту бойынша Орталық Азиядағы көшбасшылық позициямызды нығайта береміз
Мұнай қорының көлемі бойынша Еуразияда екінші орын иеленетіні расталған Қазақстан – жаһандық энергетикалық дағдарыс салдарын жеңілдету үшін сенімді мұнай мен газ жеткізуші ел.
Бүгінде Қытай – Еуропа дәлізі бойынша құрлықтағы транзиттік тасымалдың 80 пайыздан астамы Қазақстан арқылы өтеді.
Дүниежүзілік банктің мәліметі бойынша, көлік-транзит әлеуетінің дамуы Орталық Азия елдерінің тұтас ЖІӨ-н 15 пайызға өсуіне ықпал етуі мүмкін. «Орта дәліз» деп аталатын Транскаспий халықаралық көлік бағытының энергетика мен азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету ісіндегі маңызы артып келеді, – деді Тоқаев.
Президент елімізде цифрлық трансформацияны қолдау үшін реформалар жүргізуге кіріскенімізді, бұл жұмыстарды бүкіл әлем мойындап отырғанын жеткізді.
БҰҰ-ның рейтингісінде Қазақстан «электронды үкіметті» дамыту бойынша әлемнің үздік отыздығына кіреді, сондай-ақ онлайн қызмет көрсету индексі бойынша 11-орында.
Біз алдағы 7 жылда 150 миллиард доллар тікелей шетел инвестициясын тартуды жоспарлап отырмыз.
Қазақстанның ұстанымы өте қарапайым және айқын – біз нөлдік сомасы бар ойындарға сенбейміз. Біз «Үлкен ойындарға» емес, Еуразияның жүрегіндегі барлық адамдар үшін «Мол пайдаға» ұмтыламыз.
Қазақстан бейбітшілік, ынтымақтастық және сенім құндылықтарын берік ұстанады. Біз БҰҰ-ның Жарғысы мен халықаралық құқыққа негізделген мемлекеттердің теңдігі, егемендігі және территориялық тұтастығы қағидаттарын қолдаймыз.
Жақында АӨСШК-ні толыққанды халықаралық ұйымға айналдыру процесін бастау туралы шешім қабылданды.
Біз сіздердің елдеріңізбен және ұйымдарыңызбен Қазақстан арасындағы достық және өзара тиімді байланыстарын тұрақты нығайтуға ұмтылуымыз керек. Осы ретте кәсіби көмектеріңіз бен бірлескен күш-жігеріміз маңызды, – дедің Тоқаев.
![](/img/articles/58fff5f8792cd0a517f260ea29c93db5.jpg)
![](/img/articles/99537d9e5bd1cc684758667011625625.jpg)
![](/img/articles/ca7c8ab717d270aa06d5032cfaea19c8.jpg)
![](/img/articles/40df99bf07243b30ef75170574190731.jpeg)
![Қасым-Жомарт Тоқаев Иранның жаңадан сайланған Президентін құттықтады](/img/articles/58fff5f8792cd0a517f260ea29c93db5.jpg)
![Түркі мемлекеттері ұйымын одан әрі нығайту қажет – Тоқаев](/img/articles/99537d9e5bd1cc684758667011625625.jpg)
![Мемлекет басшысы жұмыс сапарымен Әзербайжанға барды](/img/articles/ca7c8ab717d270aa06d5032cfaea19c8.jpg)
![Президент: ШЫҰ қызметінің бірі – мәдени-гуманитарлық ынтымақтастықты кеңейту](/img/articles/40df99bf07243b30ef75170574190731.jpeg)
![Тоқаев БҰҰ Бас Ассамблеясының резолюциясын қабылдауды ұсынды](/img/articles/9418224e703053b4564ae8494cdf5f83.jpeg)
![Президенттің ШЫҰ-ға мүше мемлекеттер басшылары кеңесінің отырысында сөйлеген сөзі (Толық мәтін)](/img/articles/7c50a1874ec4ebfb371ef3550782b454.jpeg)
![Ұйымның Шарттық базасы 60 жаңа құжатпен толықтырылды – Тоқаев](/img/articles/fb4f617e7542c1b7e1eabfb2c496cd2e.jpeg)
![Рас әл-Хайма әмірі Қазақстанға ШЫҰ саммитіне қатысу үшін келді](/img/articles/6638f1d087e6fc523720238c69dc3c78.webp)
![Қазақстан мен Индонезия арасындағы мәдени ынтымақтастық перспективалары талқыланды](/img/articles/db5ac42bf89c7cd6b8c8d2abccca1f17.jpeg)
![Мемлекет басшысы Ресей Президентімен кездесті](/img/articles/ad3f801483021492791763954d579996.jpg)
![Қазақстан Тәуелсіздігіне алғашқы қадам](/img/articles/uploads/618e4f449f207395942992_251ba64e83.jpg)
![Ертісбаев Қазақстан халық партиясының құрамына кірді](/img/articles/uploads/62355d6f2fb05524869441_75a8d1743b.jpg)
![Тоқаев мемлекеттік наградалар туралы заңға қол қойды](/img/articles/3096b2c06e11367cbe952c46227b36ba.webp)
![Тоқаев Қытай компаниясына аймақтық R&D орталығын ашуды ұсынды](/img/articles/97d327dc1bab454b86e352d662e2f093.jpeg)
![Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі тағайындалды](/img/articles/4f9c508d3134bffa9c829d17734f4227.jpg)
![Президент ACWA Power компаниясы директорлар кеңесінің төрағасы Мұхаммед Абунайянды қабылдады](/img/articles/uploads/9_1dbc62624e.jpg)
![Президент бәсекеге қабілетті болудың жолын көрсетті – депутат](/img/articles/290b71128ae6059b2a4e9bb3ee4b1351.jpg)
![Қасым-Жомарт Тоқаев Италия Президентімен келіссөз жүргізді](/img/articles/uploads/photo_5280924730569905291_y_e86567d523.jpg)
![Президент Алматы қаласының әкімі Ерболат Досаевты қабылдады](/img/articles/f8ec0c0dd3ffacdebadbbf6ea75bd37c.jpeg)
![Қасым-Жомарт Тоқаев словен халқын Ұлттық күнімен құттықтады](/img/articles/d129bb9022b0fc439f114e21ade25d54.jpg)