00:00
Астана -10oC
USD:
476.27
EUR:
515.47
RUB:
5.41
Поиск

Қырғызстан Президенті сыртқы киімін Тоқаевтың мобилографына шешіп берді (ВИДЕО)

31.03.2023 | 19:40
Елорда ақпарат
87

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың мобилографы Астанаға Орталық Азия мемлекеттері басшылары мен Еуропалық кеңес төрағасы кездесуіне қатысуға келген Қырғызстан президенті Садыр Жапаровқа көмектесті, деп хабарлады Elorda.info.

Tengrinews.kz-тің жазуынша, журналист Әділ Балтабаев Telegram-арнасында видео жариялап, Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қырғызстан басшысы Садыр Жапаровпен кездесуінде болған оқиғаны айтып берген. 

Видеода Қырғызстан Президенті делегациясының мүшелері Ақорда ғимаратына кіріп үлгергені, ал Жапаров Тоқаевпен қол алысуға асығып бара жатқанда күртесін шешуді ұмытып кеткенін байқауға болады. Көрші республика басшысы этикет ережелерін бұзбас үшін сырт киімін асығыс шешіп, артындағы адамға, яғни Тоқаевтың мобилографына тапсырады.

 

Все новости