00:00
Астана -10oC
USD:
475.39
EUR:
513.37
RUB:
5.4
Поиск

Қазақстандық бітімгерлер әскери-азаматтық іс-қимыл бойынша БҰҰ курсынан өтеді

31.03.2023 | 19:34
Елорда ақпарат
106

Алматыда әскери-азаматтық өзара іс-қимыл бойынша БҰҰ курсы ұйымдастырылды, деп хабарлады Elorda.info.

Екіжақты ынтымақтастық аясында Қорғаныс министрлігінің Бітімгерлік дайындық орталығына Италия халықаралық тобының мамандары майор Андреа Тревиссон мен шебер сержант Энрико де Силва таныстыру сапарымен келді.

Кездесу барысында БҰҰ-ның "UNCIMIC" әскери-азаматтық өзара іс-қимыл жөніндегі пилоттық курсын Бітімгерлік дайындық орталығының базасында өткізу мәселелері қаралды.

Курсты орталықтың оқу бағдарламасына енгізу үлкен маңызға ие. Жанжал аймағында бітімгерлер әртүрлі ұйымдармен, соның ішінде жергілікті билік органдарының өкілдерімен және тұрғындармен тығыз жұмыс істеуі керек. Миссияның сәтті орындалуы көбінесе олармен өзара іс-қимыл жасау қабілетіне байланысты, – деп атап өтті Бітімгерлік дайындық орталығы басқармасының бастығы, полковник Диля Ахметова. 

Итальяндық мамандар пилоттық курсты өткізуге жәрдемдесуге, БҰҰ миссияларын орындау кезінде алған оқу материалдары мен тәжірибелерін бөлісуге дайын екенін жеткізді.

Все новости