ҰҚШҰ жаттығуларында инфекцияның таралу ошағы залалсыздандырылды
![](/img/articles/uploads/633d6ceea0cc0323402819_504c0133d8.jpg)
Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымы Жедел ден қою ұжымдық күштерінің «Өзара іс-қимыл-2022» оқу-жаттығуы барысында РХБҚ және медициналық қамтамасыз ету біріккен бөлімшесі аса қауіпті инфекцияның өршуіне жол бермеу жөніндегі тапсырмаларды орындады, деп хабарлады Elorda.info.
Аталған оқу-жаттығу іс-шараларына жергілікті санитарлық-эпидемиологиялық органдардың қызметкерлері және Денсаулық сақтау министрлігінің Биологиялық қауіпсіздік мәселелері ғылыми-зерттеу институтының мамандары тартылды.
Оқу-жаттығу жоспары бойынша ҰҚШҰ-ның Жедел ден қою күштерінің бірлескен операциясы барысында бөлімшелердің бірінде бубон чумасының белгілері бар науқас анықталды. Жұқтырған адам қысқа мерзімде ауруханаға жатқызылып, қажетті биологиялық талдаулар жүргізілді және ауданда арнайы карантиндік режим енгізілді.
РХБҚ күштері мен құралдары жергілікті жерге биологиялық барлау жасап, әскери лагерь объектілеріне, іргелес аумаққа, кірме жолдарға, жеке құрам мен әскери техникаға санитарлық өңдеу жүргізді.
Әскери полиция бөлімшесі карантиндік іс-шараларды қамтамасыз етуге, оның ішінде өткізу режимін ұйымдастыруға және аумақты қоршауға жұмылдырылды.
ҰҚШҰ жаттығуларында радиациялық, химиялық және биологиялық қорғау және медициналық қамтамасыз ету біріккен бөлімшесі алғаш рет құрылғанын атап өткен жөн. Бөлімше жергілікті жерге биологиялық барлау жүргізуге, биологиялық сынамаларды талдауға, жеке құрамды санитарлық өңдеуге, әскери техника және үй-жайларды дезинфекциялауға қажетті техникамен жарақтандырылған.
![](/img/articles/58fff5f8792cd0a517f260ea29c93db5.jpg)
![](/img/articles/99537d9e5bd1cc684758667011625625.jpg)
![](/img/articles/ca7c8ab717d270aa06d5032cfaea19c8.jpg)
![](/img/articles/40df99bf07243b30ef75170574190731.jpeg)
![Қасым-Жомарт Тоқаев Иранның жаңадан сайланған Президентін құттықтады](/img/articles/58fff5f8792cd0a517f260ea29c93db5.jpg)
![Түркі мемлекеттері ұйымын одан әрі нығайту қажет – Тоқаев](/img/articles/99537d9e5bd1cc684758667011625625.jpg)
![Мемлекет басшысы жұмыс сапарымен Әзербайжанға барды](/img/articles/ca7c8ab717d270aa06d5032cfaea19c8.jpg)
![Президент: ШЫҰ қызметінің бірі – мәдени-гуманитарлық ынтымақтастықты кеңейту](/img/articles/40df99bf07243b30ef75170574190731.jpeg)
![Тоқаев БҰҰ Бас Ассамблеясының резолюциясын қабылдауды ұсынды](/img/articles/9418224e703053b4564ae8494cdf5f83.jpeg)
![Президенттің ШЫҰ-ға мүше мемлекеттер басшылары кеңесінің отырысында сөйлеген сөзі (Толық мәтін)](/img/articles/7c50a1874ec4ebfb371ef3550782b454.jpeg)
![Ұйымның Шарттық базасы 60 жаңа құжатпен толықтырылды – Тоқаев](/img/articles/fb4f617e7542c1b7e1eabfb2c496cd2e.jpeg)
![Рас әл-Хайма әмірі Қазақстанға ШЫҰ саммитіне қатысу үшін келді](/img/articles/6638f1d087e6fc523720238c69dc3c78.webp)
![Қазақстан мен Индонезия арасындағы мәдени ынтымақтастық перспективалары талқыланды](/img/articles/db5ac42bf89c7cd6b8c8d2abccca1f17.jpeg)
![Мемлекет басшысы Ресей Президентімен кездесті](/img/articles/ad3f801483021492791763954d579996.jpg)
![Қазақстан Тәуелсіздігіне алғашқы қадам](/img/articles/uploads/618e4f449f207395942992_251ba64e83.jpg)
![Ертісбаев Қазақстан халық партиясының құрамына кірді](/img/articles/uploads/62355d6f2fb05524869441_75a8d1743b.jpg)
![Тоқаев мемлекеттік наградалар туралы заңға қол қойды](/img/articles/3096b2c06e11367cbe952c46227b36ba.webp)
![Тоқаев Қытай компаниясына аймақтық R&D орталығын ашуды ұсынды](/img/articles/97d327dc1bab454b86e352d662e2f093.jpeg)
![Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі тағайындалды](/img/articles/4f9c508d3134bffa9c829d17734f4227.jpg)
![Президент бәсекеге қабілетті болудың жолын көрсетті – депутат](/img/articles/290b71128ae6059b2a4e9bb3ee4b1351.jpg)
![Президент ACWA Power компаниясы директорлар кеңесінің төрағасы Мұхаммед Абунайянды қабылдады](/img/articles/uploads/9_1dbc62624e.jpg)
![Қасым-Жомарт Тоқаев Италия Президентімен келіссөз жүргізді](/img/articles/uploads/photo_5280924730569905291_y_e86567d523.jpg)
![Президент Алматы қаласының әкімі Ерболат Досаевты қабылдады](/img/articles/f8ec0c0dd3ffacdebadbbf6ea75bd37c.jpeg)
![Қасым-Жомарт Тоқаев словен халқын Ұлттық күнімен құттықтады](/img/articles/d129bb9022b0fc439f114e21ade25d54.jpg)