Тоқаев Қазақстан-Америка инвестициялық дөңгелек үстелінің жұмысына қатысты
![](/img/articles/uploads/63291af098e01792477254_3aa8d2af6f.jpg)
Іс-шараға Chevron, ExxonMobil, Fluor, Shell USA, The Solar Turbines, S&P Global, Centrus Energy Corporation, Boeing, Amway, GE International Markets, Honeywell UOP, Philip Morris, The Procter & Gamble Company, Baker Hughes, John Deere, Bechtel, Halliburton, Valmont, Champion Foods, PepsiCo, MasterCard, Citi, McLarty Associates, Macro-Advisory LTD, private equity fund RCF, Brownstein Hyatt Farber Schreck, Greenenberg Traurig LLP, Microsoft, Coursera, StartX, EPAM, Wabtec Corporation, Zscaler, DoorDash, Amazon, Pfizer, Medtronic, Netflix секілді ірі америкалық компаниялардың басшылары қатысты.
Президент мұндай форматта өткен кездесу игі дәстүрге айналғанын атап өтіп, осы шараны ұйымдастыруға атсалысқан АҚШ-тың Сауда палатасы мен Іскерлік кеңес мүшелеріне ризашылығын білдірді.
Мемлекет басшысы кездесуде Әділетті Қазақстан құруға бағытталған ауқымды саяси және экономикалық реформалардың жүзеге асырылуы жөнінде егжей-тегжейлі айтып берді.
Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанның экономикалық әлеуеті мен инвестициялық тартымдылығын арттыру үшін қабылданып жатқан шаралар туралы жан-жақты мәлімет берді. Атап айтқанда, Президент энергетика, ауыл шаруашылығы, өнеркәсіп, көлік-логистика, цифрландыру, қаржы және жаңартылатын энергия көздері салаларындағы бірлескен инвестициялық жобаларды іске асыру мүмкіндіктеріне тоқталды.
Мемлекет басшысы Қазақстанда америкалық жаңа ірі кәсіпорындардың пайда болуына қолдау білдірді.
Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан мен АҚШ арасындағы стратегиялық экономикалық серіктестік барлық салада әртараптандырылып, кеңейе беретінін атап өтті.
– Менің командамның инвестиция тартудағы тәжірибесі мол. Бұл компанияларыңызға аймақтың ең жылдам дамып келе жатқан экономикаларының бірінде бизнес жүргізуді жеңілдетеді. Бүгінгі кездесу сауда-экономикалық және инвестициялық ынтымақтастықты ілгерілетуде, сондай-ақ Қазақстан мен АҚШ арасындағы стратегиялық серіктестікті одан әрі нығайтуда нақты қадам болады деп сенемін, – деді Қазақстан Президенті.
![](/img/articles/ca7c8ab717d270aa06d5032cfaea19c8.jpg)
![](/img/articles/40df99bf07243b30ef75170574190731.jpeg)
![](/img/articles/9418224e703053b4564ae8494cdf5f83.jpeg)
![](/img/articles/7c50a1874ec4ebfb371ef3550782b454.jpeg)
![Мемлекет басшысы жұмыс сапарымен Әзербайжанға барды](/img/articles/ca7c8ab717d270aa06d5032cfaea19c8.jpg)
![Президент: ШЫҰ қызметінің бірі – мәдени-гуманитарлық ынтымақтастықты кеңейту](/img/articles/40df99bf07243b30ef75170574190731.jpeg)
![Тоқаев БҰҰ Бас Ассамблеясының резолюциясын қабылдауды ұсынды](/img/articles/9418224e703053b4564ae8494cdf5f83.jpeg)
![Президенттің ШЫҰ-ға мүше мемлекеттер басшылары кеңесінің отырысында сөйлеген сөзі (Толық мәтін)](/img/articles/7c50a1874ec4ebfb371ef3550782b454.jpeg)
![Ұйымның Шарттық базасы 60 жаңа құжатпен толықтырылды – Тоқаев](/img/articles/fb4f617e7542c1b7e1eabfb2c496cd2e.jpeg)
![Рас әл-Хайма әмірі Қазақстанға ШЫҰ саммитіне қатысу үшін келді](/img/articles/6638f1d087e6fc523720238c69dc3c78.webp)
![Қазақстан мен Индонезия арасындағы мәдени ынтымақтастық перспективалары талқыланды](/img/articles/db5ac42bf89c7cd6b8c8d2abccca1f17.jpeg)
![Мемлекет басшысы Ресей Президентімен кездесті](/img/articles/ad3f801483021492791763954d579996.jpg)
![Президент: Қатар – Қазақстанның ең жақын серіктестерінің бірі](/img/articles/b0500d8f0412d9a07f7f20bfdf89345a.jpg)
![Қасым-Жомарт Тоқаев БҰҰ Бас хатшысына алғыс айтты](/img/articles/2abceebbfceaa324314d785973f9d66f.jpg)
![Қазақстан Тәуелсіздігіне алғашқы қадам](/img/articles/uploads/618e4f449f207395942992_251ba64e83.jpg)
![Ертісбаев Қазақстан халық партиясының құрамына кірді](/img/articles/uploads/62355d6f2fb05524869441_75a8d1743b.jpg)
![Тоқаев мемлекеттік наградалар туралы заңға қол қойды](/img/articles/3096b2c06e11367cbe952c46227b36ba.webp)
![Тоқаев Қытай компаниясына аймақтық R&D орталығын ашуды ұсынды](/img/articles/97d327dc1bab454b86e352d662e2f093.jpeg)
![Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі тағайындалды](/img/articles/4f9c508d3134bffa9c829d17734f4227.jpg)
![Президент бәсекеге қабілетті болудың жолын көрсетті – депутат](/img/articles/290b71128ae6059b2a4e9bb3ee4b1351.jpg)
![Қасым-Жомарт Тоқаев Италия Президентімен келіссөз жүргізді](/img/articles/uploads/photo_5280924730569905291_y_e86567d523.jpg)
![Президент Алматы қаласының әкімі Ерболат Досаевты қабылдады](/img/articles/f8ec0c0dd3ffacdebadbbf6ea75bd37c.jpeg)
![Қасым-Жомарт Тоқаев словен халқын Ұлттық күнімен құттықтады](/img/articles/d129bb9022b0fc439f114e21ade25d54.jpg)
![Президент әкімшілігінің бөлім меңгерушісі тағайындалды](/img/articles/uploads/arik_0068434d15.jpg)