00:00
Астана -10oC
USD:
476.27
EUR:
515.47
RUB:
5.41
Поиск

Владимир Путин қазан айының ортасында Қазақстанға келуі мүмкін

31.03.2023 | 17:06
Елорда ақпарат
95

Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының съезі аясында Премьер-министрдің орынбасары – Сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеуберді Ресей Федерациясының Президенті Владимир Путиннің Қазақстанға келу жоспары жайында айтты, деп хабарлады Elorda.info.

Ресей Президенті Қазақстанға Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім шаралары жөніндегі кеңеске қатысу үшін келеді. Сондай-ақ ТМД мемлекеттері басшыларының кеңесін өткізу жоспарлануда. Ресей Президенті қазан айының ортасында келеді деп күтеміз. Біз ресми растауды күтеміз. Әр сапарында мемлекет басшылары екіжақты кездесулер өткізеді, – деді Мұхтар Тілеуберді.

Сондай-ақ министр Қазақстанның екінші реттік санкцияларға ұшырамайтынын жеткізді.

Біз Ресейге қарсы санкциялардың экономикамызға кері әсерін болдырмау, оның ішінде қайталама санкциялардың алдын алу үшін Үкіметтің жұмыс тобын құрдық. Жұмыс тобы табысты жұмыс істеуде, Еуропалық комиссиямен және АҚШ әкімшілігімен тұрақты консультациялар жүргізілуде, – деп қосты Мұхтар Тілеуберді.

Биыл тамызда Қасым-Жомарт Тоқаев Сочиге жұмыс сапары аясында Владимир Путинді қазан айында Қазақстанда өтетін ТМД саммитіне қатысуға шақырды. Тоқаев «әсіресе, Ресей ТМД-да маңызды рөл атқаратындықтан» Путиннің жеке қатысуына сенетінін айтқан.

Все новости