Қазақстан бітімгерлерді Арменияға жібере ме: министр жауап берді
![](/img/articles/uploads/632172411ad1f234407823_ef3a135cc2.jpg)
Премьер-министрдің орынбасары – Сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеуберді қазақстандық әскерилердің Әзербайжан-Армения шекарасындағы жағдайды Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымы аясында реттеуге қатысу ықтималдығына қатысты пікір білдірді, деп хабарлады Elorda.info ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.
Мәселе олай қойылып отырған жоқ. Кеше Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымының кезектен тыс кеңесінде Армения Премьер-министрі ҰҚШҰ-ға мүше елдердің басшыларына Әзербайжан мен Армения шекарасындағы жағдай туралы мәлімет берді. Жалпы ақпарат қабылданды, әрине, бізобьективті ақпарат алғымыз келеді. Өйткені екі тараптан әркелкі ақпарат түсіп жатыр. Сондықтан мемлекет басшылары ҰҚШҰ бас хатшысы оқиға орнына барып, толыққанды мәлімет алып, сол мәліметті мемлекет басшыларына баяндауы керек деген шешім қабылданды, – деді Мұхтар Тілеуберді Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің VII съезінің жалпы отырысының кулуарында.
Сондай-ақ ол Әзербайжан мен Аремияның арасындағы шекара делимитацияланбағанын еске салды. Сондықтан шекараның бұзылғаны туралы қандай да бір пікір айту қиын екенін жеткізді.
Сондықтан қазіргі бірінші міндет Әзербайжан-Армения шекарасын делимитациялау және демаркциялау жөніндегі комиссияның жұмысын жандандыру болып отыр. Біз өз тәжірибемізді бөлісуге дайынбыз. Өйткені біз құрлықта және тіпті теңізде де өз шекарамызды демаркациялап алғанбыз. Ресейден басқа бүкіл көршілес мемлекеттермен шекарамызды демаркациялау ісі толық аяқталған. Ресеймен шекараны демаркациялауға тағы 2-3 жыл керек шығар, - деді Сыртқы істер министрі.
Ол бітімгерлік әскер жіберу мәселесі күн тәртібінде жоқ екенін атады.
![](/img/articles/58fff5f8792cd0a517f260ea29c93db5.jpg)
![](/img/articles/99537d9e5bd1cc684758667011625625.jpg)
![](/img/articles/ca7c8ab717d270aa06d5032cfaea19c8.jpg)
![](/img/articles/40df99bf07243b30ef75170574190731.jpeg)
![Қасым-Жомарт Тоқаев Иранның жаңадан сайланған Президентін құттықтады](/img/articles/58fff5f8792cd0a517f260ea29c93db5.jpg)
![Түркі мемлекеттері ұйымын одан әрі нығайту қажет – Тоқаев](/img/articles/99537d9e5bd1cc684758667011625625.jpg)
![Мемлекет басшысы жұмыс сапарымен Әзербайжанға барды](/img/articles/ca7c8ab717d270aa06d5032cfaea19c8.jpg)
![Президент: ШЫҰ қызметінің бірі – мәдени-гуманитарлық ынтымақтастықты кеңейту](/img/articles/40df99bf07243b30ef75170574190731.jpeg)
![Тоқаев БҰҰ Бас Ассамблеясының резолюциясын қабылдауды ұсынды](/img/articles/9418224e703053b4564ae8494cdf5f83.jpeg)
![Президенттің ШЫҰ-ға мүше мемлекеттер басшылары кеңесінің отырысында сөйлеген сөзі (Толық мәтін)](/img/articles/7c50a1874ec4ebfb371ef3550782b454.jpeg)
![Ұйымның Шарттық базасы 60 жаңа құжатпен толықтырылды – Тоқаев](/img/articles/fb4f617e7542c1b7e1eabfb2c496cd2e.jpeg)
![Рас әл-Хайма әмірі Қазақстанға ШЫҰ саммитіне қатысу үшін келді](/img/articles/6638f1d087e6fc523720238c69dc3c78.webp)
![Қазақстан мен Индонезия арасындағы мәдени ынтымақтастық перспективалары талқыланды](/img/articles/db5ac42bf89c7cd6b8c8d2abccca1f17.jpeg)
![Мемлекет басшысы Ресей Президентімен кездесті](/img/articles/ad3f801483021492791763954d579996.jpg)
![Қазақстан Тәуелсіздігіне алғашқы қадам](/img/articles/uploads/618e4f449f207395942992_251ba64e83.jpg)
![Ертісбаев Қазақстан халық партиясының құрамына кірді](/img/articles/uploads/62355d6f2fb05524869441_75a8d1743b.jpg)
![Тоқаев мемлекеттік наградалар туралы заңға қол қойды](/img/articles/3096b2c06e11367cbe952c46227b36ba.webp)
![Тоқаев Қытай компаниясына аймақтық R&D орталығын ашуды ұсынды](/img/articles/97d327dc1bab454b86e352d662e2f093.jpeg)
![Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі тағайындалды](/img/articles/4f9c508d3134bffa9c829d17734f4227.jpg)
![Президент бәсекеге қабілетті болудың жолын көрсетті – депутат](/img/articles/290b71128ae6059b2a4e9bb3ee4b1351.jpg)
![Президент ACWA Power компаниясы директорлар кеңесінің төрағасы Мұхаммед Абунайянды қабылдады](/img/articles/uploads/9_1dbc62624e.jpg)
![Қасым-Жомарт Тоқаев Италия Президентімен келіссөз жүргізді](/img/articles/uploads/photo_5280924730569905291_y_e86567d523.jpg)
![Президент Алматы қаласының әкімі Ерболат Досаевты қабылдады](/img/articles/f8ec0c0dd3ffacdebadbbf6ea75bd37c.jpeg)
![Қасым-Жомарт Тоқаев словен халқын Ұлттық күнімен құттықтады](/img/articles/d129bb9022b0fc439f114e21ade25d54.jpg)