Мемлекет басшысы Нұрлан Ноғаевты қабылдады
![](/img/articles/uploads/62fb7f13c67e0432750910_e92ba99311.jpg)
Қасым-Жомарт Тоқаевқа Маңғыстау облысының әлеуметтік-экономикалық дамуы мен биылғы 7 айда атқарылған жұмыстың қорытындылары туралы баяндалды.
Облыс әкімінің мәліметіне сәйкес өңірдегі өзекті мәселенің бірі – су қорымен, соның ішінде ауыз сумен қамтамасыз ету. Атап айтқанда «Астрахан – Маңғышлақ» суқұбыры арқылы келетін және басқа да су тұщыту қорларынан алынатын су мөлшері мамыр айынан бастап қыркүйектің соңына дейінгі аралықта тұтынушылардың қажеттілігін толық өтей алмай келген.
Нұрлан Ноғаев Мемлекет басшысының Маңғыстау өңіріне барған сапарында облыстағы ауыз су мәселесін шешу туралы тапсырмасына сәйкес атқарылған жұмыс нәтижелерін жеткізді. Қазір «Қаражанбас» кен орнында тәулігіне 17 мың текше метр су тұщытатын қондырғылар іске қосылып, осы бағыттағы бірқатар мәселенің шешімі табылған. Ақтау қаласындағы су тұщыту зауытында жыл соңына дейін 20 мың текше метр суды тазартатын қондырғы іске қосылу керек болса, соның 5 мың текше метрі қазірдің өзінде тұщытылып беріліп жатқаны айтылды. Облыс әкімінің айтуынша, жеке инвестициялар есебінен таза су көлемі әлі де ұлғайтылады.
Қасым-Жомарт Тоқаевқа ауыл шаруашылығы саласында оң өзгерістер туралы баяндалды. Маңғыстау облысының әкімінің мәліметтеріне қарағанда былтырғы қуаңшылықтан кейін Үкімет пен жергілікті атқарушы органның бірлесіп атқарған шараларының және биыл молынан түскен жауынның арқасында шаруалардың жем-шөп дайындау жұмыстарында қиындық жоқ.
Өңір басшысы облыста отандық және шетелдік туристер санының артқанын жеткізді.
Кездесу соңында Президент аталған бағыттар бойынша жұмыстарды одан әрі жетілдіріп, облыстағы тұрақты әлеуметтік-экономикалық дамуды қамтамасыз етуді тапсырды.
![](/img/articles/58fff5f8792cd0a517f260ea29c93db5.jpg)
![](/img/articles/99537d9e5bd1cc684758667011625625.jpg)
![](/img/articles/ca7c8ab717d270aa06d5032cfaea19c8.jpg)
![](/img/articles/40df99bf07243b30ef75170574190731.jpeg)
![Қасым-Жомарт Тоқаев Иранның жаңадан сайланған Президентін құттықтады](/img/articles/58fff5f8792cd0a517f260ea29c93db5.jpg)
![Түркі мемлекеттері ұйымын одан әрі нығайту қажет – Тоқаев](/img/articles/99537d9e5bd1cc684758667011625625.jpg)
![Мемлекет басшысы жұмыс сапарымен Әзербайжанға барды](/img/articles/ca7c8ab717d270aa06d5032cfaea19c8.jpg)
![Президент: ШЫҰ қызметінің бірі – мәдени-гуманитарлық ынтымақтастықты кеңейту](/img/articles/40df99bf07243b30ef75170574190731.jpeg)
![Тоқаев БҰҰ Бас Ассамблеясының резолюциясын қабылдауды ұсынды](/img/articles/9418224e703053b4564ae8494cdf5f83.jpeg)
![Президенттің ШЫҰ-ға мүше мемлекеттер басшылары кеңесінің отырысында сөйлеген сөзі (Толық мәтін)](/img/articles/7c50a1874ec4ebfb371ef3550782b454.jpeg)
![Ұйымның Шарттық базасы 60 жаңа құжатпен толықтырылды – Тоқаев](/img/articles/fb4f617e7542c1b7e1eabfb2c496cd2e.jpeg)
![Рас әл-Хайма әмірі Қазақстанға ШЫҰ саммитіне қатысу үшін келді](/img/articles/6638f1d087e6fc523720238c69dc3c78.webp)
![Қазақстан мен Индонезия арасындағы мәдени ынтымақтастық перспективалары талқыланды](/img/articles/db5ac42bf89c7cd6b8c8d2abccca1f17.jpeg)
![Мемлекет басшысы Ресей Президентімен кездесті](/img/articles/ad3f801483021492791763954d579996.jpg)
![Қазақстан Тәуелсіздігіне алғашқы қадам](/img/articles/uploads/618e4f449f207395942992_251ba64e83.jpg)
![Ертісбаев Қазақстан халық партиясының құрамына кірді](/img/articles/uploads/62355d6f2fb05524869441_75a8d1743b.jpg)
![Тоқаев мемлекеттік наградалар туралы заңға қол қойды](/img/articles/3096b2c06e11367cbe952c46227b36ba.webp)
![Тоқаев Қытай компаниясына аймақтық R&D орталығын ашуды ұсынды](/img/articles/97d327dc1bab454b86e352d662e2f093.jpeg)
![Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі тағайындалды](/img/articles/4f9c508d3134bffa9c829d17734f4227.jpg)
![Президент ACWA Power компаниясы директорлар кеңесінің төрағасы Мұхаммед Абунайянды қабылдады](/img/articles/uploads/9_1dbc62624e.jpg)
![Президент бәсекеге қабілетті болудың жолын көрсетті – депутат](/img/articles/290b71128ae6059b2a4e9bb3ee4b1351.jpg)
![Қасым-Жомарт Тоқаев Италия Президентімен келіссөз жүргізді](/img/articles/uploads/photo_5280924730569905291_y_e86567d523.jpg)
![Президент Алматы қаласының әкімі Ерболат Досаевты қабылдады](/img/articles/f8ec0c0dd3ffacdebadbbf6ea75bd37c.jpeg)
![Қасым-Жомарт Тоқаев словен халқын Ұлттық күнімен құттықтады](/img/articles/d129bb9022b0fc439f114e21ade25d54.jpg)