Әлихан Смайылов Араб мемлекеттерінің ынтымақтастығы кеңесінің бас хатшысымен кездесті
Тараптар сауда-экономикалық, инвестициялық, көлік-логистикалық салалардағы, энергетика және агроөнеркәсіптік сектордағы ынтымақтастық мәселелерін талқылады.
Премьер-министр Қазақстан Ұйым елдерімен стратегиялық серіктестікті одан әрі нығайтуға мүдделі екенін атап өтті.
Бізде сауда және инвестициялық ынтымақтастықты дамытудың әлеуеті зор. Қазақстан барлық инвесторлар үшін қолайлы іскерлік ахуалды одан әрі қамтамасыз етуге дайын. Сондықтан, осы мүмкіндікті пайдалана отырып, Кеңес елдерінің іскер топтарын бірлескен жобаларды іске асыруға шақырамын, – деді Әлихан Смайылов.
Үкімет басшысы Қазақстан Парсы шығанағы елдеріне жоғары сапалы ұн, майлы дақылдар және басқа да ауыл шаруашылығы дақылдарын жеткізуді ұлғайтуға, сондай-ақ транзит саласындағы өзара іс-қимылды, оның ішінде Транскаспий халықаралық көлік бағдарын дамыту есебінен нығайтуға дайын екенін атап өтті.
Бұл ретте Әлихан Смайылов мемлекетаралық байланыстарды одан әрі дамыту үшін ұшу географиясын кеңейту мәселесін пысықтау, оның ішінде Қазақстаннан Оман мен Бахрейнге тікелей рейстер ашу қажет екенін айтты.
Өз кезегінде Найеф Фалах Мубарак Әл-Хаджраф ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың жақында Сауд Арабиясына жасаған сапары араб елдерімен қарым-қатынасты нығайтуға үлкен үлес қосқанын атап өтті.
Парсы шығанағы елдерінің Қазақстанға инвестиция салу бойынша үлкен жоспарлары бар. Ынтымақтастықтың өзара тиімді бағыттарын айқындау үшін бірлескен бизнес-форумдар ұйымдастыру қажет деп санаймыз. Атап айтқанда, біз энергетика, ауыл шаруашылығы және білім беру салаларындағы серіктестікті дамытуға мүдделіміз, – деді Парсы шығанағындағы Араб мемлекеттерінің ынтымақтастығы кеңесінің бас хатшысы.
![](/img/articles/58fff5f8792cd0a517f260ea29c93db5.jpg)
![](/img/articles/99537d9e5bd1cc684758667011625625.jpg)
![](/img/articles/ca7c8ab717d270aa06d5032cfaea19c8.jpg)
![](/img/articles/40df99bf07243b30ef75170574190731.jpeg)
![Қасым-Жомарт Тоқаев Иранның жаңадан сайланған Президентін құттықтады](/img/articles/58fff5f8792cd0a517f260ea29c93db5.jpg)
![Түркі мемлекеттері ұйымын одан әрі нығайту қажет – Тоқаев](/img/articles/99537d9e5bd1cc684758667011625625.jpg)
![Мемлекет басшысы жұмыс сапарымен Әзербайжанға барды](/img/articles/ca7c8ab717d270aa06d5032cfaea19c8.jpg)
![Президент: ШЫҰ қызметінің бірі – мәдени-гуманитарлық ынтымақтастықты кеңейту](/img/articles/40df99bf07243b30ef75170574190731.jpeg)
![Тоқаев БҰҰ Бас Ассамблеясының резолюциясын қабылдауды ұсынды](/img/articles/9418224e703053b4564ae8494cdf5f83.jpeg)
![Президенттің ШЫҰ-ға мүше мемлекеттер басшылары кеңесінің отырысында сөйлеген сөзі (Толық мәтін)](/img/articles/7c50a1874ec4ebfb371ef3550782b454.jpeg)
![Ұйымның Шарттық базасы 60 жаңа құжатпен толықтырылды – Тоқаев](/img/articles/fb4f617e7542c1b7e1eabfb2c496cd2e.jpeg)
![Рас әл-Хайма әмірі Қазақстанға ШЫҰ саммитіне қатысу үшін келді](/img/articles/6638f1d087e6fc523720238c69dc3c78.webp)
![Қазақстан мен Индонезия арасындағы мәдени ынтымақтастық перспективалары талқыланды](/img/articles/db5ac42bf89c7cd6b8c8d2abccca1f17.jpeg)
![Мемлекет басшысы Ресей Президентімен кездесті](/img/articles/ad3f801483021492791763954d579996.jpg)
![Қазақстан Тәуелсіздігіне алғашқы қадам](/img/articles/uploads/618e4f449f207395942992_251ba64e83.jpg)
![Ертісбаев Қазақстан халық партиясының құрамына кірді](/img/articles/uploads/62355d6f2fb05524869441_75a8d1743b.jpg)
![Тоқаев мемлекеттік наградалар туралы заңға қол қойды](/img/articles/3096b2c06e11367cbe952c46227b36ba.webp)
![Тоқаев Қытай компаниясына аймақтық R&D орталығын ашуды ұсынды](/img/articles/97d327dc1bab454b86e352d662e2f093.jpeg)
![Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі тағайындалды](/img/articles/4f9c508d3134bffa9c829d17734f4227.jpg)
![Президент бәсекеге қабілетті болудың жолын көрсетті – депутат](/img/articles/290b71128ae6059b2a4e9bb3ee4b1351.jpg)
![Президент ACWA Power компаниясы директорлар кеңесінің төрағасы Мұхаммед Абунайянды қабылдады](/img/articles/uploads/9_1dbc62624e.jpg)
![Қасым-Жомарт Тоқаев Италия Президентімен келіссөз жүргізді](/img/articles/uploads/photo_5280924730569905291_y_e86567d523.jpg)
![Президент Алматы қаласының әкімі Ерболат Досаевты қабылдады](/img/articles/f8ec0c0dd3ffacdebadbbf6ea75bd37c.jpeg)
![Қасым-Жомарт Тоқаев словен халқын Ұлттық күнімен құттықтады](/img/articles/d129bb9022b0fc439f114e21ade25d54.jpg)