00:00
Астана -10oC
USD:
475.39
EUR:
513.37
RUB:
5.4
Поиск

Елордада командалық-штабтық оқу-жаттығу басталды

25.02.2023 | 11:13
Елорда ақпарат
72

Аталған оқу-жаттығудың басты мақсаты – жауынгерлік әзірлікті жоғары деңгейге келтіруде шебер іс-қимыл жасау үшін құрама мен бөлімшелердің жауынгерлік үйлесімділігін жетілдіру, бригада мен батальондарды басқарудың практикалық дағдыларын арттыру, сондай-ақ жеке құрамның жоғары жауынгерлік, моральдық-психологиялық қасиеттерін қалыптастыру. 

Оқу-жаттығу жоспары қазіргі заманғы қарулы қақтығыстардың тәжірибесі мен талдауын ескере отырып әзірленді. Жауынгерлік әзірлікті жоғары деңгейге келтіру, тағайындалған ауданға басқару пункттерін ұсыну, сондай-ақ бригадалық тактикалық топ құру және арнайы әскери іс-қимылды ұйымдастыру бойынша практикалық іс-шараларды орындауға ерекше назар аударылатын болады, – деді генерал-майор Қ.Әбубәкіров.

Маневрлер үш кезеңде, 12-14 шілде аралығында өтеді. Оқу-жаттығу жоспарында десанттық-шабуылдау құрамасы бөлімшелерінің қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету жөніндегі іс-шараларды орындауы да көзделіп отыр.

Все новости