00:00
Астана -10oC
USD:
476.27
EUR:
515.47
RUB:
5.41
Поиск

Дауыс беру 9 964 референдум учаскесінде өтіп жатыр

25.02.2023 | 08:04
Елорда ақпарат
37

Облыстық, Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалалық референдум комиссияларының деректеріне сәйкес, астана уақытымен сағат 08.00-дегі жағдай бойынша барлық өңірде 9 947 референдум учаскесінде дауыс беру басталды.

Сондай-ақ 15 шет мемлекеттегі Қазақстан Республикасының өкілдіктері жанындағы 17 учаскеде дауыс беру басталды. Шетелдегі 48 учаске уақыт айырмашылығына байланысты өздерінің жергілікті уақытымен дауыс беруге кірісті.

Осылайша, қазіргі таңда дауыс беру 9 964 референдум учаскесінде өтіп жатыр, - деді Мұхтар Ерман.

Оның атап өтуінше, сағат 10-нан бастап Орталық референдум комиссиясының мүшелері әр екі сағат сайын брифинг өткізетін болады.

Все новости